Зейнетақы салымдары депозитке салынады - Келімбетов

13 Мамыр 2014, 13:06
0
Зейнетақы салымдары депозитке салынады - Келімбетов - Қайрат Келімбетов ©Тengrinews.kz
Қайрат Келімбетов ©Тengrinews.kz

Үкімет пен Ұлттық банк капиталға рақымшылық жасау, яғни ақшаны заңдастыру науқанына арналған заң жобасын әзірлеп қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовке сілтеме жасап. 

"Аталған заң жобасының бірден-бір жаңалығы сол, Қазақстан азаматы өз қаржысын банк депозиттеріне салу арқылы ақшаны заңдастыра алады. Ол үшін екінші деңгейлі банктерде арнайы есеп-шоттар ашылады. Ал ақшаны орта есеппен бес жылдай депозитте ұстау негізгі шарттардың бірі болатын шығар. Бұл отандық банк секторын ұзақ уақыт бойы қаржыландыруға мүмкіндік бермек", - деді бүгін бас банкир Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның сөзіне қарағанда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) ақшасы да банк депозиттеріне салынады. Соның арқасында ел экономикасын барынша қаржыландыру жоспарланған. Бүгінде қордағы қазақастандықтардың зейнетақы салымдары 3,9 триллион теңгеге жетіп отыр. Айта кеткен жөн, бүгінде осы саладағы барлық жұмыстар Қазақстанның қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында атқарылып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай