05 ақпан 2014 16:46

Зейнеткерлік аннуитет салымы екі есеге өседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Зейнеткерлік анниутетінің жинақтау салымы 2014 жылы екі есеге дейін өспек деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы "Мемлекеттік аннуитеттік компания" Өмірді сақтандыру" Акционерлік қоғамының арнайы өкілдері мәлімдеп отыр. Аталмыш компанияның басқарма төрағасы Евгений Пан: "2013 жылы аннуитет көрсеткіші 55 жастағы ер адамдарға 2,7 млн теңге, ал 50 жастағы әйелдерге 3,3 млн теңге болған. Ал 2014 жылы зейнеткерлік аннуитетінің жинақтау сомасы 50 жастағы әйелдер үшін 7,3 млн теңге, ал 55 жастағы ер адамдар үшін 5,2 млн теңгені құрамақ" деді. Айта кету керек, "Мемлекеттік аннуитеттік компания" Өмірді сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамы бұған дейін зейнетақы аннуитеті талаптарын жақсартуға бағытталған бірнеше өзгертулер енгізуді ұсынған. Әсіресе, зейнеткерлікке шығу кезінде жыныстық жас ерекшелігін ескере отырып, әйелдер үшін зейнетақы аннуитетін алуға жас ерекшелік шектеуін 5 жылға төмендету, осылайша әйелдердің зейнетақы аннуитетін алуы жасы 50 жас деп анықтағаны жұртшылық назарын аударған. Сондай-ақ азаматтарға бірнеше сақтандыру ұйымдарымен зейнетақы аннуитет келісімшартын жасасу және зейнетақы жинағы жеткіліксіз болған жағдайда, аннуитетті сатып алуға жетпей тұрған қаржыны өзге қаржы көздерінен қосымша төлеу мүмкіндігін қарастырғаны да мамандар тарапынан оңды шешім деп танылған болатын. "Ендігі кезекте зейнеткерлік аннуитетінің жинақтау сомасының екі есеге дейін өсуі біраз қауымды аландатады" дейді мамандар. Тіптен қайсыбір мамандар айлық табысы орташа және төмен саналатын азаматтар үшін зейнеткерлік аннуитетіне 50 жасына дейін 7,3 млн теңге жинау мүмкін еместігін ашып айтып отыр. Бұған дейін еліміздегі 58 бен 63-ке келген әйелдер мен ерлер үш жерден зейнетақы алып келді. Олар: 1. Аннуитеттік компаниядан 2. Зейнетақы қорынан 3. Мемлекеттік зейнетақы төлеу орта­лығынан (тек 1998 жылға дейін еңбек мерзімі барлар) Ал болашақта елде Бірыңғай мемлекеттік зейнетақы қорын құру реформасына сәйкес, барлық жекеменшiк зейнет­ақы қорларының шоттары сол қорға алу жоспарлануда. Бұған сәкес алдағы уақытта зейнет жасын да кезең-кезеңімен ұзарту да жоспарланып отыр. "Осы тұста біршама қауым зейнеткерлік аннуитетіне үміт артып отырғанын біз ұмытпауымыз керек. Сондықтан Үкімет аннуитет салымының өскенін емес, керісінше, төмендетуді, қарапайым халықтың жағдайына қарап, оның тұрмысын жеңілдетуді қадағаласа" дейді сарапшылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети