08 тамыз 2014 21:23

АҚШ Иракты бомбалауды бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пентагон "Ислам мемлекеті" тобы орналасқан Ирактың солтүстігіндегі Эрбиль қаласына алғашқы әуе шабуылын бастады деп хабарлайды BBC Russian.


Пентагон "Ислам мемлекеті" тобы орналасқан Ирактың солтүстігіндегі Эрбиль қаласына алғашқы әуе шабуылын бастады деп хабарлайды BBC Russian.

Зымырандар қаланы қорғап тұрған курд жақтастарын атқылаушы ислам артиллериясын нысанға алған. 

Күндіз АҚШ президенті Барак Обама америкалықтарға телеарна арқылы жолдау жасап, Ирактағы америкалық нысандар мен діни азшыл топты жаппай қыруға жол бермес үшін әуеден дәлдеп соққы беруге рұқсат бергендігін мәлімдеген.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі 8 тамыздың түнінде шұғыл жиналыс өткізіп, Ирактағы "Ислам мемлекеті" тобының шабуылдауынан кері шегініп, қашуға мәжбүр жүз мыңдаған этникалық және діни азшыл топ өкілдерінің тығырықты жағдайын талқылаған. БҰҰ ҚК исламшылардың экстремистік идеологиясын қабылдаудан бас тартқандарды қудалаушы "Ислам мемлекеті" сарбаздарының бұл әрекетін қатты сынға алған.

Еске сала кетелік, шілденің басында осы күнге дейін Сирияда соғысқан "Ирак және Леванта Ислам мемлекеттері" тобының сарбаздары Ирактың солтүстік және батыс өңірлерін басып алған. Ирактың ең көлемді екінші қаласы Мосулдағы банктен 429 миллион доллар мен ірі көлемдегі алтын құймаларын тонап кеткен. Осылайша бұл топ әлемдегі ең бай лаңкестік бірлестік санатына енген. 29 шілдеде сарбаздар ИЛИМ-ге "Ислам мемлекеті" деп қайтадан атау берген.

Ирактың ресми билігі басқыншылардың бетін қайтару үшін Батыстан әскери көмек сұраған. Бүгінгі таңда суннит сарбаздары мен Ирак әскерилері арасында әскери қанды қақтығыс боп жатыр. Шілденің үш аптасында Иракта мыңнан аса адам көз жұмған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети