06 шілде 2016 19:33

Астанадағы "қайырымды автобус" Желі қолданушыларын тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube кадры © Youtube кадры

Астанадағы "қайырымды автобус" Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астанадағы "қайырымды автобус" Желі қолданушыларын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Желі қолданушысы Нұрсерік Жолбарыс өз парақшасында осы оқиғаның видеосын жария етті. Айтуынша, видео авторы - Еркін Шәкірұлы. Видео кадрларынан толассыз жауған жаңбырдан қала көшесінің су астында қалғаны, ал жол бойында өшіп қалған жеңіл көлікті жолаушылар автобусының құрғақ жерге дейін итеріп барғаны көрінеді. 


Қолданушылар мұны "Титаник" фильмімен байланыстырып, фильм кейіпкерлері Джек пен Роузды еске алды, сонымен қатар картинаның санундтрегін қоюға болатынын да айтып, әзілдеді. 

Тағы бір қолданушы Ільяс Жұматай бұл оқиғаны видеоға түсіріп, редакцияға жолдады. "Бұл оқиға Қонаев көшесінде, "Қазмедиа орталығының" маңында шамамен 14.30-да болды. Мұндайды күнде көре бермейсің. Mercedes пен автобус Астана күнінде бірге жүзіп жүр, көңілді. Бүгін жаңбыр жауды, бірақ тұрғындар бұған үйреніп қалған шығар", - деді куәгер.  

Айта кетейік, Елорда күні Астана тұрғындарын бұршақ аралас жаңбыр әбігерге салған еді. Астананы қара бұлт басып, жаңбыр шамамен сағат 13.30-да басталған. Толассыз жауған жауынның салдарынан кейбір көшелер су астында қалған. Әлеуметтік желі тұрғындары бірден оқиға орнынан суреттерді сала бастады.

Айта кетейік, қала әкімдігінің өкілдері коммуналдық қызметтердің күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. "Қазіргі кезде нөсер салдары жойылып жатыр. Елорда көшелерін жинауға 90 мамандандырылған техника, соның ішінде "Есіл" ауданы бойынша - 40, "Алматы" ауданында - 27, "Сарыарқа" ауданында - 19 машина тартылды. Мұнымен қоса, су сору жұмыстарына екі жылжымалы сорғы станциясы жұмылдырылды", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети