11 ақпан 2014 10:20

Иран заманауи екі зымыранды сынақтан өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран елі заманауи екі баллистикалық зымыранның сынақтан сәтті өткендігін жариялады, деп хабарлайды AFP елдің қорғаныс министрі Хосейн Дехгананға сілтеме жасап. Дехгананның сөзіне қарағанда, өзі басқарып отырған ведомство жуырда ғана жасап шығарған баллистикалық зымыранның тұмсығы ұшу барысында өз алдына бөлініп шығатын болса, ал екінші зымыранның қызметі лазермен дәлдеуге бағытталған. Ол сондай-ақ, екінші зымыранның жер бетінен де, аспанда да ұшып шыға алатынын атап өтті. Естеріңізге саламыз, Иран әскері өткен жылдың желтоқсан айында алып кемелерді талқандауға арналған, ұшу радиусы 200 шақырымды құрайтын "Кадер" зымыранын елдің оңтүстік аймағында сынақтан өткізген болатын. Ол кездегі оқу-жаттығу кезінде сондай-ақ, ауада ұшатын қанатты "Наср" зымыраны да сынақтан сәтті өткен болатын. "Кадер" зымыраны көпшілік назарына алғаш рет 2011 жылы қыркүйекте ұсынылғанын айта кетейік. Бұл зымыранның артықшылығы аспаннан теңізге, жерден теңізге және жерден жерге де ұша беретіндігінде болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети