01 қараша 2014 21:59

"Ислам мемлекеті" тобының содырлары Иракта қанды қырғын ұйымдастырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" тобының содырлары ирактың "Анбар" елді мекенде қанды қырғын жасады, деп хабарлайды BBC News. Ирак үкіметі 50 адамның қаза тапқанын хабарлады.


"Ислам мемлекеті" тобының содырлары ирактың "Анбар" елді мекенде қанды қырғын жасады, деп хабарлайды BBC News. Ирак үкіметі 50 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Қаза тапқандар болжаммен Албу Нимр қауымының өкілі. Ел билігінің ойынша, бұл жиһадшыларға көрсетілген қарсылық үшін жасалды. Қоса кету керек, қауым өкілдері "Ислам мемлекетіне" бірнеше апта бойында қарсылық көрсеткен еді, бірақ соңғы уақытта олардың қару-жарағы мен азық-түлігі таусылып, жүздеген адам жасырынып үлгерді, ал қалғандары қоршауға алынып, қаза тапты.

Бұған дейін Иракта сүннеттер тайпасының 150 адамның жаппай қорымы табылғаны хабарланған еді. Олар "Ислам мемлекеті" тобының жауынгерлеріне қарсылық көрсеткен болатын. Содырлар, болжам бойынша, Анбар елді мекенінің әкімшілік орталығы Эр-Рамади қаласының ауданындағы бірнеше ауылдың ер адамдарын өлтірген. Анбар елді мекені Бағдад қаласынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан. "Ислам мемлекеті жауынгерлері ер адамдарды белгісіз бағытқа қарай күштеп әкетіп, сонда жазалаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети