31 наурыз 2014 19:48

Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт жемқорлықпен айналысты деп айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тель-Авив сотының шешімімен Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт жемқорлық үшін айыпталды, - деп хабарлайды Euronews.com. БАҚ таратқан ақпаратқа қарағанда, оған әлі нақты жаза тағайындалмаған.


Тель-Авив сотының шешімімен Израильдің бұрынғы премьер-министрі Эхуд Ольмерт жемқорлық үшін айыпталды, - деп хабарлайды Euronews.com. БАҚ таратқан ақпаратқа қарағанда, оған әлі нақты жаза тағайындалмаған.

Эхуд Ольмерт Иерусалим қаласының мэрі лауазымында болған кезде тұрғын үй кешенінің құрылысына көмектескені үшін пара алған деп айыпталды. Сондай-ақ тағы да 11 тұлғаға айып тағылған. Оның ішінде Израиль астанасының экс-басшысы Ури Луполянски де бар. Оны да сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптады. Бұл шатақ 2007 жылы басталған. Осының салдарынан премьер-министр лауазымындағы Эхуд Ольмерт қызметінен кетуге мәжбүр болған. Ол 2008 жылы қызметінен кетті. Осылайша ол жемқорлықпен айналысты деген айып тағылып, қызметінен кеткен ең бірінші үкімет басшысы ретінде Израиль тарихында қалды.

Бұдан бұрын, 2012 жылы Эхуд Ольмертке бірнеше жемқорлық іс бойынша айыппұл салынып, жазасын сынақ мерзімімен шартты түрде өтеуге үкім шығарылған. Ол таныс кәсіпкерлеріне жеңілдік етіп, мемлекеттің инвестициялық қорына қысым жасаған. Сондықтан қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылған. "Мені бұрынғы қателіктерім үшін айыптады. Мен соттың бұл шешімін дұрыс қабылдаймын және осыдан сабақ алуға уәде беремін", - деді сол кезде Эхуд Ольмерт. Айта кетейік, бұл айыптауға қатысты прокуратура сотталушыны түзеу жұмыстарына салуды талап еткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети