01 қараша 2014 14:51

Күрдістанға тәуелсіздік алатын уақыт әлі келген жоқ - АҚШ мемлекеттік хатшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото wordress.com сайтынан алынды Фото wordress.com сайтынан алынды

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Күрдістан тәуелсіздігін мойындауға әлі ерте деп мәлім етті, - деп хабарлайды "РИА ФАН" агенттігі. Ішкі саясат ведомствасы басшысының пікірінше, Күрдістанның тәуелсіздігін мойындау Ирак парламенті коалициясына кесірін тигізуі мүмкін.


АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Күрдістан тәуелсіздігін мойындауға әлі ерте деп мәлім етті, - деп хабарлайды "РИА ФАН" агенттігі. Ішкі саясат ведомствасы басшысының пікірінше, Күрдістанның тәуелсіздігін мойындау Ирак парламенті коалициясына кесірін тигізуі мүмкін.

"Менің ойымша, күрділердің көсемі Барзани (Ирактың Күрдістан автономиялық ауданының президенті - авт.) мұны жақсы түсінеді, ол кезінде Бағдатта осы жаңа үкіметтің құрылуына көмектескен, күрдтер де бұған қатысқан болатын. Ол "Ислам мемлекетімен" күресте бір болудың және шоғырланудың маңызды зор екенін жақсы түсінеді", - деді Керри. 

Айта кетейік, 2014 жылдың басынан бері күрдтер үкіметтік күшке жақтасып, антитеррорлық операцияларға белсенді қатысуда. Олар тек Ирактың Күрдістан аймағын ғана емес, сондай-ақ Найван, Салах-эд-Дин және елдің орталық бөлігіндегі Анбар провинцияларын, сонымен бірге Бағдаттағы үкімет үйін де қорғауға алып келеді.

Бұл ретте "Ислам мемлекеті" тобының жауынгерлері Күрдістанға, нақты айтқанда, автономияның ең ірі орталығының бірі - Кобани қаласына бірнеше аптадан бері шабуыл жасаған. Тіпті ондаған күрд ауылдары экстремистердің бақылауында қалған. 140 мыңнан аса бейбіт халық Кобаниден көрші Түркияға қашып кеткен. Ал Түркиядан шамамен 1,5 жуық күрд еріктілері келген. Түркияның көптеген қалаларында сириялық қақтығысқа араласпау саясатына қарсы күрд халқының наразылық акциясы өткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети