08 қараша 2014 15:05

Ресей мен АҚШ Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуде өзара ымыраға келе алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Лавров. Фото kvedomosti.com сайтынан алынды Сергей Лавров. Фото kvedomosti.com сайтынан алынды

Ресей мен АҚШ Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу бойынша өзара ымыраға келе алмады, - деп хабарлайды РИА Новости. Алайда аумақтағы басты қауіп-қатер лаңкестік екенін мойындауда қос тараптың көзқарасы сайма-сай келді.


Ресей мен АҚШ Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу бойынша өзара ымыраға келе алмады, - деп хабарлайды РИА Новости. Алайда аумақтағы басты қауіп-қатер лаңкестік екенін мойындауда қос тараптың көзқарасы сайма-сай келді.

"Біз сондай-ақ Таяу Шығыс пен Африканың солтүстігіндегі жағдайды талқыладық. Бұл арада басты қатер - "Ирак және Леванта ислам мемлекеттері" және "Джабхат-ан-Нусры" сынды басқа да лаңкестік топтардың, өзге де экстремистердің төндіріп отырған қаупіне ерекше мән берілді", - деді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ол лаңкестермен халықаралық құқық негізінде күресу қажеттігін айтты. "Біз бұл мәселеде Сирия үкіметімен әріптесетін құқықтық, тіпті тәжірибелік себепті көріп отырғанымыз жоқ", - деп нақтылайды министр.

Оның айтуынша, ресейлік тарап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің айтқанын есепке алмаған АҚШ ұстанымына наразы.  Ал Вашингтон НАТО лаңкестермен өздігінен  күресе алады деп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети