Tengrinews, еліміз бен біздің әдеттеріміз қалай өзгерді
2025
2010
15 жыл онлайн
2010
Әлем цифрлық дәуірге қадам басты. Теледидардың орнын YouTube ығыстыра бастады, адамдар Instagram-ды меңгеріп жатыр, ал Wi-Fi нағыз сиқыр секілді–бәрісымсыз-ақжүйткіп тұр.

Осы уақытта Қазақстанда медиаменеджер Батыр Қазыбаевтың жетекшілігімен бір топ ынталы маман Tengrinews.kz жаңалықтар порталын іске қосты. Міне, сол сайттың алғашқы құрылымдық үлгісі.
Ал бұл – Tengri-дің алғашқы дизайны. Спойлер! Ол кезде доллардың бағамы бар болғаны 145 теңге болатын.

Мынау – небәрі 240 қаралым жинаған ең алғашқы материалдардың бірі. Жалпы, жаңаданашылған сайт үшін елде жаңалыққа лайық тақырыптар жеткілікті еді.
2011
Сайт бәрін қамтуға тырысып, тынымсыз еңбегінің арқасында Award.kz ұлттық интернет-премиясының Бас жүлдесін жеңіп алды. Мұнымен қоса, қазақстандық медиа саласында алғашқылардың бірі болып iPad-қа арналған қосымшасын іске қосты.
Tengrinews те әрдайым онлайн болды: 24/7 жаңалық таратты, ал оқиғалар да бұл қарқыннан қалыспады. Алматыда 23 жыл күткен метро ақыры есігін ашты, ел ішінде табиғи апаттар толассыз жалғасты, жыл соңында Жаңаөзенде тәртіпсіздіктер басталды.
Бүкіл әлем «Тақтар ойыны» сериалында кім таққа отырады деп жаппай жорамалдап жатқанда, Instagram-ды фудфото жаулай бастады. Алайда алдыңғы камера пайда болғалы бәрі күрт өзгеріп, селфи дәуірі басталды. Смартфон жай ғана телефон болудан қалды, ал үнемі онлайн жүру үшін қалтаға power bank салып жүру міндетті атрибутқа айналды.
2012
Оның орнына жер бетін би «вирусы» жайлады: корей хиті Gangnam Style YouTube тарихында алғашқы болып миллиард қаралым жинап, қиялдағы атқа мінген қимылын мектеп оқушыларынан бастап президенттерге дейін қайталады.
Ал әлем майя күнтізбесі бойынша «ақырзаманды» күтіп жүрген. Бірақ бұл мәтінді қазір оқып отырсаңыз, демек, апокалипсис болған жоқ.
Жыл соңында тағы бір жетістікке қол жеткізілді: портал Award.kz премиясында «Онжылдықтың үздік сайты» атанды. Бұл жаңалық, әрине, Tengrinews лентасында да жарияланып, сонымен бірге мобильді қосымшасы іске қосылып, жаңалықтарды енді телефоннан да оқуға мүмкіндік туды. Tengrinews – әрқашан жаныңда!
2013
Қарашада портал өз Instagram парақшасын ашты. Иә-иә, қазір 2,5 миллионға жуық оқырман күн сайын көз жүгіртетін парақшаның дәл өзі.
Ал Tengrinews, керісінше, әр оқиғаны қалт жібермей жазып отырды. Сол жылы портал Tengrinews TV интернет-телевидениесін іске қосты. 26 сәуірде Алматыдан алғашқы онлайн-трансляция өтіп, онда министрге жұмыртқа лақтырған белсендінің тергеу изоляторынан босатылуы көрсетілді. Маусымда журналистер тағы бір жантүршігерлік сәтті тікелей эфирде көрсетті: жанармай тасымалдаушы көлік өртеніп,12 автокөлікті және бір тұрғын үйді шарпыды.
2013 жылыөзінің биімен әлемді шулатқан кәрістің орнын Harlem Shake басты: алдымен шлем киген бір адам қимылсыз қалады да, 15 секундтан соң бүкіл офис есі кеткендей билей жөнеледі. Есіңізде ме? Ендеше, жариялағаңның бәрі 10 секундтан кейін жоғалып кететін Snapchat қосымшасының шыққанын да ұмытпаған боларсыз.
2014
Дегенмен, мақтанарлық жайттар да болды. Сочи Олимпиадасында Қазақстан тарихында алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан медаль жеңіп алды: қола жүлдені Денис Тен еншіледі. Айтпақшы, дәл осы жылы Tengrinews-тің қазақ тіліндегі нұсқасы да іске қосылды.
Интернет «суға батып» жатқан сәтте, Қазақстанда теңге құнсызданды. 11 ақпанның таңында қазақстандықтар мүлде басқа экономикалық шындыққа көз ашты: доллар бірден +30 теңгеге қымбаттап, бұл күн халық арасында «Қара сейсенбі» деген атау алды.
Мұзды душтың астына тұрмаған адам қалмады — челленджді қазақстандық депутаттардан бастап, Бритни Спирске дейін қолдады.
2014 жылдың жазы «суық» өтті. Интернетті Ice Bucket Challenge жайлады: адамдар бүйірлік амиотрофиялық склерозға назар аударту үшін үстеріне мұздай су құйып, эстафетаны жалғастырды.
2015
Қыркүйекте Айдын Айымбетов Халықаралық ғарыш станциясына аттанып, бірнеше жылдан кейін ғарышқа ұшқан алғашқы қазақстандық атанды. Ол ғарышта салмақсыздықты зерттеп жүргенде, Tengrinews Telegram-ға қадам басады. Жыл соңында қолға ұстауға болатын жаңалық та болды: ел тарихындағы ең ірі – 20 000 теңгелік банкнота айналымға шықты. Біз оны ұсақтап көруге де тырыстық.
Көйлектің түсі туралы дау басылмай жатып, прокатқа «Сұр түстің 50 реңкі» фильмі жол тартты. Әп-сәтте WhatsApp-та сансыз мем тарады. Айтпақшы, дәл сол уақытта WhatsApp жұмыс чаттарынан бастап, аналардың «қайырлы таң» тілейтін сүйікті мессенджеріне айналды.
Көйлек ақ-сары ма, әлде қара-көктүсті ме?  Жылдың басты жұмбағы жаһандық флешмобқа айналды. Талас-тартыс үйде де, жұмыста да, интернетте де қызу жүріп жатты. Ал Tengrinews бұл құбылыстың сырын түсіндіріп берді.
2016
Ал Instagram Stories қосымшасын іске қосып, күнделікті сәттерді бөлісу жаңа цифрлық әдетке айналды: кофе ішіп отырғаныңды жарияласаң, күнің зая кетпегендей сезілетін болды.
Спорттан да жағымсыз хабар жетті: қазақстандық зілтеміршілер допинг дауына байланысты Олимпиадада алған медальдарынан айырылды. Расында, ауыр болғаны тек штанга ғана емес еді.
Алматы болса жылдың ең ауыр күндерінің бірін бастан өткерді: қарулы азамат қала көшелерін шарлап, полиция мен тұрғындарға шабуыл жасады. Ол өлім жазасына кесілді. Бұл мораторий жүріп тұрған кезең үшін бұрын-соңды болмаған шешім.
Бүкіл әлем қимылсыз қалды – Mannequin Challenge жаңа «вирустай» тарап, мектептер, кеңселер, мейрамханалар бір сәтке қатып қалғандай болды, олардың қатарында Tengri де бар.
2017
Осы уақытта Қазақстан да ауқымды шараларымен таңғалдырды. Әуелі Алматыдағы Универсиада: 230 мың билет, 30 мың турист және «тарихтағы ең арзан қысқы ойындар» деген атаққа ие шағын бюджет.

Одан соң – Астанадағы EXPO-2017: 100 мемлекет, 4 миллион қонақ және елорда символына айналған «Нұр Әлем» алып шары әлемдегі ең үлкен сфера пішініндегі ғимарат ретінде тарихқа енді.
Сол жылы спиннер атты жаңа тренд шықты: пайдасы шамалы, бірақ көзге қызық ойыншық. Тіпті мысықтар да шет қалмады – Tengrinews ерекше кейіпкер тапты: ол спиннерді… құйрығымен айналдырады (шын айтамыз, дәлелі міне).
«Алматыда жоқ-жоқ»... сіз де қосылып айтқан болсаңыз, демек 2017 жылы қазақстандықтардың жүрегін жаулаған хитті сіз де тыңдадыңыз. Әлем болса TikTok-қа әуестене бастады – қысқа видеолар уақытымызды да, назарымызды да ұрлай бастады.
2018
Алайда жазда қаралы хабар жетті.19 шілде күні Олимпиада жүлдегері Денис Тен Алматының қақ ортасында қаза тапты. Бұл қайғылы оқиға елді есеңгіретіп, полиция жұмысына жаңаша көзқарас қажет екенін көрсетті.
Сол уақытта тұрғындарының саны миллионға жеткен Шымкент ресми түрде Қазақстанның үшінші мегаполисі атанды. Ал алматылықтар қала ортасындағы 23 миллионға тұрғызылған алып тиінді қызу талқылап, «Әкімдік қайда қарап отыр?» деп дабыл қақты.
Айыппұлға ұрындырар жаңа флешмоб пайда болды: адамдар жүріп бара жатқан көліктен секіріп, билей бастады. Ессіз қылық жасағандар миллиондаған қаралым жинап үлгерді.
2019
Экранға «Джокер» шықты. Қараңғы, жайсыз күйге түсіретін, әрі әлеуметтік астары терең фильм бәріміздің ішімізде аз да болса, жайсыз күлкі барын көрсетті. Сол күлкі күйзеліске айналмауы үшін көмекке слайм мен сквиштер келді.Созу, мыжу, умаждау–жылдың басты антистресі болды.
Қолма-қол ақша біртіндеп өткеннің еншісінде қалып, төлемдер аударымдар мен QR арқылы жасалатын дәуірге жеттік. Әмиянды үйде қалдыруға да болады, тек телефоныңызды ұмытпасаңыз болғаны.
Tengrinews те TikTok-қа қадам басып, билейтін мысықтардан кем түспей, контентін лезде тарата бастады. Бүгінде аккаунтта 1,6 миллион жазылушы бар.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті атанды. Артынша ауқымды өзгерістер басталды: жаңа тағайындаулар, қайта құру, 300 адамнан тұратын кадрлық резерв.
2020
Жылдың жағымды бонусы – Tengrinews.kz «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» номинациясында Urker жүлдесін иеленді.
Және, әрине, «42 500». Аңызға айналған сан. Оған 1 миллионнан астам өтініш түсті, тіпті статусын тексеруге арналған арнайы сервис іске қосылды. Айтпақшы, бұл жаңалық Tengri-дің 15 жылдық тарихындағы ең көп оқылған материал болды — 3 306 349 қаралым.
Карантин, жаппай зарарсыздандыру, шекаралар тарс жабылды. Антисептик пен бетперде – жылдың жаңа аксессуарлары, ал Zoom жаңа жұмыс орнына айналды. Жөтелген адамнан жұрт үрке қашып, «Коронавирус, кет, кет, кет» жыл әніне айналып, мантра секілді естілетін.
Және, әрине, «42 500». Аңызға айналған сан. Оған 1 миллионнан астам өтініш түсті, тіпті статусын тексеруге арналған арнайы сервис іске қосылды. Айтпақшы, бұл жаңалық Tengri-дің 15 жылдық тарихындағы ең көп оқылған материал болды — 3 306 349 қаралым.

Жылдың жағымды бонусы – Tengrinews.kz «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» номинациясында Urker жүлдесін иеленді.
Бүкіл әлем «тоқтап» қалған жыл. Ғаламды COVID-19 жайлады.
Қазақстанда алғашқы науқас анықталғанда, елдің бас эпидемиологы Бекшин: «Наконец-то», – деді. Артынша бірден мемге айналды. 15 наурызда елде төтенше жағдай жарияланды. Карантин, жаппай дезинфекция, шекаралардың тарс жабылуы – бәрі күнделікті өмірдің бөлшегіне айналды. Антисептик пен бетперде – жылдың басты аксессуарлары, ал Zoom жаңа кеңсе орны болды. Жөтелген адамнан жұрт шошына қашып, «Коронавирус, кет, кет, кет» деген ән мантрадай бүкіл елге тарады.
Бүкіл әлем «тоқтап» қалған жыл. Ғаламды COVID-19 жайлады.
Қазақстанда алғашқы науқас анықталғанда, елдің бас эпидемиологы Бекшин: «Наконец-то», – деді. Артынша бірден мемге айналды. 15 наурызда елде төтенше жағдай режимі енгізілді.
2021
Көпшілік күйзелістен арылудың түрлі жолын іздеп жүргенде, Tengrinews пандемияны қалай өткергенімізді баяндайтын «Жить» атты деректі фильм түсіріп, шетелдік фестивальдерде бірқатар жүлдеге ие болды.
Егер ол да бойыңды босатуға көмектеспесе, жаңа антистрессті байқап көріңіз – поп ит. Шексіз басып, шертіп отыруға болатын силикон ойыншығы балаларды да, ересектерді де, тіпті маймылды да қызықтырды!
Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Қазақстандықтар қызыл, сары, жасыл түстерге бөлінді. Жоқ, бұл олардың сүйікті реңктері емес — «пандемиялық статусына» байланысты айырым. «Қызыл» мәртебедегілерге серуендеуге әлі ерте, қашықтан жұмыс істеу қажет, ал «жасыл» мәртебе иелері сауда орталықтарына емін-еркін кіре алды.

Жылдың жаңа тренді – ASMR. Құлаққа жағымды, жүйкені тыныштандыратын видеолар: біреу пакет сықырлатады, қорапты тырнағымен тықылдатады немесе сыбырлап сөйлейді.
2022
Онымен бірге әлемді Уэнсдэй биі баурап алды: қара көйлектер, ерекше қимылдар, эмоциясыз бейне – бәрі 2022 жылдың жалпы көңіл күйін дәл сипаттағандай.
Ал жыл соңында жаңа «кейіпкер» пайда болды. Ол – ChatGPT. Кенеттен бәрінен ақылды болып шыққан бұл бот мәтін жазады, әзілдейді, тіпті кванттық физиканы да түсіндіріп бере алады.
Ол – Қазақстандағы цифрлық журналистиканың іргесін қалаған тұлғалардың бірі еді. Оның есімін ұлықтау үшін URKER сыйлығының арнайы премиясы тағайындалып, ХАТУ-да болашақ журналистерге арналған білім гранттары бөлінді.
Көктемде тағы бір қаралы хабар жетті. 27 наурызда Tengrinews.kz порталының негізін қалаушы, Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаев дүниеден өтті.
Жыл дабылмен басталды. Qantar – қаңтарда елді шарпыған ауқымды наразылықтарды қазақстандықтар осылай атады. Жаңа жылдық демалыстан кейінгі таңымыз көңілсіз болды.
2023
Ал кинода «Барби» басты трендке айналып, қызғылт түс әлемді жаулады. Ауқымды реформалар мен күрделі тақырыптар кезеңінде аздаған гламурдың артықтығы жоқ.
Осы тұста бүкіл елдің назары атышулы қылмыстық іске ауып, бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев жары Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен қоғамды дүр сілкіндірді.
Ел «Жаңа Қазақстанды» құруға кірісті. Заңсыз жолмен жиналған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң қабылданып, «маңдай термен» алынбаған дүние қазынаға өтетін болды. Күздің өзінде шамамен 1 триллион теңге ел қазынасына қайтарылды. Сонымен қатар, Ұлттық қор табысының жартысын балалардың атына ашылған арнайы шоттарға аудару туралы шешім қабылданды. Әр бала кәмелет жасына толғанға дейін өз үлесін жинайтын болады. Айтпақшы, ел халқы да өсе түсті – қазақстандықтардың қатары 20 миллионға жетті.
2024
Баға күн сайын шарықтап жатса да, жақсы жаңалықтар да бар: Tengrinews жас журналистерді қолдауды жалғастырып, Батыр Қазыбаев атындағы стипендияны табыстады.
Ал табиғат кімнің «қожайын» екенін еске салып, соңғы 80 жылдағы ең алапат су тасқыны болды. Елдің жартысына жуығы су астында қалды.

Әлемде болса жаңа «валюта» Дубай шоколады пайда болды. Құны спортзалдың айлық абонементімен тең. Ал оған шайн-мускат жүзімін қоссаңыз, бизнес-класс билетіне айырбастауға да болады.
Жылдың басты дилеммасы: АЭС салу керек пе, жоқ па? Референдум нүктесін қойды: салу керек!
Бірақ ақпарат кеңістігінде ең көп талқыланған бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың соты болды. Tengri тек бақылап қана қоймай, процесті тікелей эфирде көрсетті. Сот залынан жүргізілген трансляцияларды миллиондаған адам көріп, пікір қалдырды. Осы уақытта Tengri TV жазылушыларының саны 1,2 миллионға жетті.
2025
Мұның бәрі сіздердің қолдауларыңыздың арқасы. Бізді автобуста оқып, WhatsApp-та бөлісіп, комментарийлерде пікір таластырып, тіпті сериалдың орнына онлайн эфирімізді тамашалаған жандарға алғыс айтамыз. Осы 15 жыл бойы трендтің алдыңғы қатарында бірге болғандарыңыз үшін рақмет!

Ізгі ниетпен, Tengrinews…
Біз сайт пен мобильді қосымшаны үш рет жаңарттық, биыл жаңалықтарды тыңдау мүмкіндігін қостық. Tengri TV-да 9 мыңнан аса видео жарияланды, Tengri мектебінен 400-ден астам адам өтті.
Сәнде – кең джинсы, oversize, кроссовки және… Tengrinews. Иә, біздің таңымыз осымен 15 жыл бойы әдеттегідей Tengri-мен басталады. Осы уақыт ішінде сайтта қазақ және орыс тілдерінде шамамен 550 мың материал жарық көріп, оларға 7 миллионнан астам пікір жазылды (сәлем, Павлодар – 2025 жылы ең белсенді комментаторы атанды).

, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button