Жұма сайын бауырсақ, дүйсенбі сайын DDoS: Tengrinews-тің ішкі көрінісі
Tengrinews.kz 15 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осы маңызды күнге орай жаңалықты кім және қалай жазатынын оқырмандармен бөлісуді ұйғардық.
Жаңалық қалай пайда болады?
Таңғы сағат 8. Ел тұрғындары жаңа күнді бастауға дайындалып жатыр: бірі кофе қайнатып, бірі әлеуметтік желіні парақтап отыр. Ал Tengrinews редакциясында мониторлар жанып, жұмыс қызады. Түнгі редактор соңғы жаңалықтарды толықтырып, ауысым тізгінін әріптестеріне береді. Шеф-редактор кеңсеге асығады, ал мессенджерден "Шұғыл!" деген жаңа хабарлама келіп жатады.
Жаңалық күтіп тұрмайды, Tengrinews те солай. 15 жыл бойы әр таң дәл осылай басталады: демалыссыз, үзіліссіз.
Редакцияда журналистер "Жаңалық "ұйықтамайды", біз де солай", - деп қалжыңдайды. Tengrinews тәулік бойы жұмыс істейді.
Біреу ұйқыға кетіп жатқанда, редакция чатына жаңа хабарлама келіп жатады.

Фото © Tengrinews.kz
Сайт бір минутқа да дамыл таппайды. Астана мен Алматыдағы журналистер тынығуға кеткен сәтте ауысым тізгінін түнгі редакторлар алады, олар - ұйқысын кофеге айырбастаған, ал төзімділігі оятқышты алмастыра алатын жандар.
Бірінші қадам - дереккөзді тексеру. Екіншісі - егжей-тегжейін нақтылау. Содан кейін ғана жазуға кірісу. Ең бастысы - дәлдік.
Алматы редакциясының тілшісі Светлана Антонова күнделікті жаңалықтардағы журналистердің өмірі көз ілеспес қарқынмен өтеді деп әзілдейді.

"Жаңалықтар лентасында жұмыс істеу - жүз көз, үш телефоның болып, бір уақытта бірнеше жерде жүрумен пара-пар. Қазақстанның бір бұрышында өрт болып жатса, енді бір бұрышында жаңа құрылыс жүріп жатады, ал ортасында біреу "ешқандай пікір білдірмейтінін айтады". Біздің миссиямыз - бірде-бір жаңалықты қалт жібермеу, барлығын тексеру, пікір білдіруден қашқандардың бәріне хабарласу және оқырмандарға жаңа, сенімді ақпарат беру. Қысқасы, көп тапсырманы бір мезетте орындау спорт түрі болса, біз Олимпиада чемпионы болар едік", - деді ол.
Фото © Tengrinews.kz
Күндіз редакцияның іші қайнап жатады: пернетақтаның дыбысы естіледі, сілтемелер жаңарып, ал чатта тақырып өзара талқыланып жатады. Редакторлар мен тілшілер Алматы, Астана және өзге өңірлерден қосылады. Бірі жаңа тақырып ұсынса, енді бірі "жолда келе жатырмын" деп хабар береді.
Tengrinews.kz-тің екі редакциясы бар. Негізгісі әрдайым Алматыда: мекен-жайы мен кеңселері өзгерді, бірақ әрқашан сайтымыздың жүрегі болып қала берді.
Астанадағы редакция шағын тілшілер тобынан біртіндеп үлкен ұжымға айналды, ал қазір елорда орталығындағы бизнес орталықтардың бірінің бес кабинетіне әрең сыйып отыр.

Бәрі қалай басталды?
Tengrinews.kz-тің негізін қалаған Батыр Қазыбаев телеарналармен, басылымдармен бәсекелесетін сайт ашу тәуекелге толы қадам болғанын айтқан еді.
"Бірақ интернет басылымдар қарқынды дамитынын түсіндім. Сол кезеңде (2010 жылы - еск.) онлайн медиа ашу дұрыс шешім болды, өйткені нарықта бұл бағыт бос тұрған еді. Бұдан бөлек, мені алға жетелеген тағы бір себеп болды. Қазақстанның ақпарат кеңістігі шетелдік ресурстарға толы еді. Шынымды айтсам, бұл ой мені жиі мазалайтын. Елдің ішінде өмір сүріп, болып жатқан жағдайдың мәнін түсінетін, оны әділ жеткізе алатын адамдар жаңалық жасағанын қаладым", - деген еді ол.
Осылайша Tengrinews.kz пайда болды. Ал бүгінде ол жай ғана сайт емес.
Фото © Tengrinews.kz
Шығарушы редактор Әсел Сатаева Tengrinews-тің елордадағы редакциясында 14 жылдан бері жұмыс істейді. Бәрі қалай басталғаны оның есінде. Әсел алғашында журналист ретінде келген.
"Ол кезде қазіргідей Telegram арналар да, бір сәтте жаңалық тарата қоятын байланыс та болған жоқ. Министрліктер үйінде де, Үкімет ғимаратында да интернет өте әлсіз еді. Ноутбук пен флеш-модем ұстап, ғимаратты айналып, байланыс іздейтінбіз. Кейде шұғыл жаңалықты телефон арқылы редакторға жіберетінбіз. Ештеңені қалт жібермеуге тырысатынбыз... Маңызды ақпаратты бірінші болып біліп, оны дер кезінде жариялау ерекше қуаныш сыйлайды", - деп еске алды ол.
Содан бері көп нәрсе өзгерді: жылдамдық, технология, жаңалықты беру форматы. Бірақ ұстаным сол күйінде қалды: деректі тексеру, дәл және жедел жұмыс істеу.
Фото © Tengrinews.kz
Tengrinews-тегі 15 жыл ішінде шеф-редактор Бахтияр Имамниязов Астанада да, Алматыда да жұмыс істеп үлгерген. Ол жобаның барлық өзгерісіне куә болды: форматтан стильге дейін.
"Tengrinews - ең алдымен сенім. Cайт әрдайым оқырманға шынайы әрі жедел ақпарат жеткізуге ұмтылады деп ойлаймын. Бұл шабыт сыйлайды. Оның үстіне, мұнда қолдай алатын әріптестерден құралған мықты ұжым бар. Ондай орта сирек кездеседі", - дейді ол.
Фото © Tengrinews.kz
Жоба менеджері Владимир Прокопенко университетті тәмамдағаннан кейін бірден редакцияға келген. Осылайша ерекше атмосфераға тәнті болған.
"Біздің редакция әрдайым бір үлкен отбасы сияқты. Жұмыс үдерістері өзара түсіністікке негізделген, міне, осы нәрсе бізді біріктіреді", - деді ол.
Өңірлердің үні
Астана мен Алматыдағы журналистерден бөлек, еліміздің әр өңірінде жұмыс істейтін тілшілер аймақ өмірі туралы ақпарат жеткізіп отырады. Бұл өте маңызды деп ойлаймыз.
14 жылдан бері Павлодар облысындағы әріптесіміз Анна Уралова бізбен бірге жұмыс істейді. Ол - Tengrinews.kz-тің аймақтағы тілшілер желісіне алғаш қосылғандардың бірі. Әркез байланыста болатын адам. Павлодардағы бір оқиғаны сұрасаң болды, Аннаның жауабы дайын: "қазір" деп, қысқа уақытта ақпаратпен оралады.

"Мен үшін Tengrinews - ең алдымен өзімнің туған өңірім - Павлодарға пайдалы болу мүмкіндігі, шын мәнінде маңызды, керек дүниелерді жасау. Менің материалдарым біреуге көмектесіп, жақсы жағына өзгеруіне себеп болса, демек, еңбегім зая кетпегені", - дейді ол.
Фото © Tengrinews.kz
Біздің командаға жаңадан қосылған авторлардың бірі - Солтүстік Қазақстан облысынан Елена Бережная. Ол бір ғана репортаж үшін жүздеген шақырым жол жүруге дайын. Өзі - әрі жүргізуші, әрі фотограф, әрі журналист. Мұндай сапарлардың бәрінде оның қасында 1-сыныпта оқитын ұлы еріп жүреді. Біз оны әзілдеп "жас тілшіміз" деп атаймыз.
Фото © Tengrinews.kz
Бәрі қалай жұмыс істейді (және істен шықпайды)?
Tengrinews.kz журналистерден ғана тұрмайды. Жаңалықтардың көрінбейтін жағында күндіз-түні байланыста болатын техникалық команда жұмыс істейді. Бірі оларға "тез түзету керек" десе, енді бірі "мына жерге батырма енгізу қажет" деп жүгіріп барады. Ал олар бәрін жылдам, дәл және артық сұрақсыз орындайды.
Олар сайт пен қосымша үздіксіз жұмыс істеуі үшін еңбек етеді: трафик көбейгенде де, тікелей эфир жүріп жатқанда да, шабуыл жасалған сәтте де.
"Айына орта есеппен бір-екі DDoS шабуылды "тойтарамыз", - дейді техникалық департамент директоры Виталий Ляхович.

Виталий біздің компанияда 14 жылдан бері еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде ол талай нәрсені көріп, көп тәжірибе жинаған.
"14 жыл бұрын бұл бір ғана серверде жұмыс істейтін сайт еді. Қазір ол - бірнеше серверге таратылған, өзара байланысқан модульдер жүйесі. Мұнда жұмыс істеу әркез қызық", - дейді ол.
Оның айтуынша, команда үнемі жаңа идеяға ұмтылады.

"Қазір қолданушы тәжірибесін жақсарту мен геймификация бағытында түрлі шешімдер әзірлеп жатырмыз", - дейді Виталий.
Фото © Tengrinews.kz
Tengrinews жарнама жариялау есебінен жұмыс істейді. Коммерциялық бөлім компаниялармен, брендтермен және ұйымдармен байланыс орнатып, жарнама материалдарының көзге түсуін ғана емес, пайдалы әрі шынайы болуын да қадағалайды. Осындай тәсіл сайттың тұрақтылығын сақтап қана қоймай, дамуына да мүмкіндік береді.
"Маған қай жерде жұмыс істейтінімді айтқан ұнайды. Адамдар қалай таңғалғанын көрген қызық", - деді коммерциялық директордың орынбасары Мария Шаламова.
Фото © Tengrinews.kz
Сату бөлімінің басшысы Мақсат Рахметов оқырмандар мен серіктестердің сеніміне баса мән беретінін айтты.
"Біз дегеніміз - ақпараттың шынайылығы, оқырман мен мәліметке деген құрмет. Бізден неге жарнама белгілеріне қатаң қарайтынымызды жиі сұрайды. Кейде ақша ұсынса да, кей материалдарды жариялаудан бас тартамыз. Себебі біз үшін адалдық пайдадан маңызды. Tengrinews.kz-тің 15 жыл бойы көшбасшы болуының сыры осыда шығар. Сенім - біздің ең басты табысымыз", - деді ол.

Tengrinews.kz енді тек сайт емес
Кейбір қазақстандықтар үшін Tengrinews.kz - сайт емес, Instagram-дағы парақша немесе Telegram арна. Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз бен YouTube арнамыз үшін бөлек редакция жауап береді.
Фото © Tengrinews.kz
"Бұл бізге әртүрлі болуға мүмкіндік беретіні тамаша. Бір жерде мемдер болса, енді бір жерде тек зумерлер түсінетін видеолар, ал кейде ресми мәнер сақталады. Оқырман өзіне ыңғайлы жерде, өзіне ұнаған форматта тексерілген ақпарат алуы үшін бейімделуге тырысамыз. Әлеуметтік желідегі оқырман санына қарағанда, бұл қолымыздан келіп жатыр", - деді digital бөлімнің басшысы Жазира Қасымова.
Фото © Tengrinews.kz
Оқырмандар мен олардың әзілді қабылдай алу деңгейі жұмысымыздың бір бөлшегі іспетті. Жаңалықтар жиі халық арасында тарап, мемдерге айналып жатады, ал редакцияда олар ақпараттық тақырыптардан кем талқыланбайды.
Мысалы, бір оқырман жолдағы дауларға араласпауға тырысатынын, себебі біздің материалдарда жарық көруі мүмкін екенін ашық айтқан. Тағы бір мынадай қызық жағдай болды: желі қолданушысы бір шенеуніктің суретін көріп, оны "Tengrinews-тегі пара туралы мақалаға сурет сияқты" деп жазған. Жазба кейінірек өшірілді, бірақ мем Threads-та тарап үлгерді.

Скриншот: Threads
Бір оқырман тіпті редакцияға арналған трек шығарған: "Каждый день как будто бы новая звезда. Весь мир в твоих руках".
Сондай-ақ, өзінің ерекше идеясын ұсынатындар да бар.
Сондай-ақ, өзінің ерекше идеясын ұсынатындар да бар.
Скриншот: Threads
Редакция өмірінде қалыптасқан дәстүрлер де бар. Мысалы, Астанадағы редакция жұмада бас редактор Эльдар Нуруллиннің бауырсақтарын асыға күтеді.
Фото © Tengrinews.kz
Эльдар бұл дәстүр қалай басталғанын айтып берді.
"Бауырсақты кеңсеге жақын жердегі дәмхана пісіреді. Бірде Айт кезінде әріптестерімді қуантайын деп алып келген едім. Содан кейін мұны неге дәстүрге айналдырмасқа деп ойладым. Келесі жұмада тағы алып келдім, одан кейін тағы. Осылай жалғасып кетті. Ешқандай жасырын мәні жоқ, жай ғана әріптестерімді қуантқан ұнайды. Оның үстіне бауырсақтар, шынымен де, дәмді", - деді ол.
Фото © Tengrinews.kz
Әрі қарай не болады?
Редакция қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмайды. Әлем өзгеріп жатыр, сол сияқты біз де өзгереміз.
Осылайша, болашаққа өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Мәселен, Tengrinews.kz бірден бірнеше қазақстандық ЖОО студенттеріне стипендия тағайындап, оларға өзін тілші ретінде сынап көруге мүмкіндік береді.

Біздің командаға жас журналистер қосылып жатыр. Бүгінде олар TikTok жүргізеді, арнайы жобаларға материал жазады және өз идеясын ұсынады. Осылайша Tengrinews.kz әрдайым өзектілігін сақтап, жаңа ұрпақпен түсінісе алуы үшін жұмыс істейді.
Фото © Tengrinews.kz
Жақында жаңа бағыт - Tengri Health жобасын іске қостық. Бұл - дайындап жатқан жұмыстарымыздың тек бір бөлігі.
15 жыл ішінде Tengrinews-те жүздеген адам еңбек етті. Олардың әрқайсы сайттың бүгінгі деңгейге жетуі үшін өмірінің бір бөлігін арнады. Әрбір сөз, әрбір кадр, әрбір код - ісіне деген сүйіспеншілік және оқырманға деген құрметпен жазылған үлкен ортақ тарихтың бөлшегі. Tengrinews негізін қалаушылардың бірі Айбек Алдабергенов сайттың дамуына үлес қосқан барлық адамға ерекше алғыс білдіреді.

"Tengri-де ең бастысы - адамдар. Жаңалықты жасайтын да, оны оқитын да - адамдар. Біз елімізде болып жатқан әрбір оқиға үшін алаңдаймыз, өйткені бұл жай ғана жұмыс емес, бұл - біздің тынысымыз", - дейді ол.
Фото © Tengrinews.kz
Ол редакция үнемі дамып отыратынын айтты: технологияларды енгізеді, жасанды интеллектіні қолданады, процестерді жетілдіреді. Бірақ, Айбек Алдабергеновтің сөзінше, бәрінен маңыздысы - адам.
"Иә, жаңа технологияларды енгіземіз, жасанды интеллектіні қолданамыз, процестерді жетілдіреміз, бірақ негізінде әрқашан адам тұрады: оның назары, жанашырлығы, адалдығы. Біздің командада "Tengri коды" дейтін ұғым бар: құрмет, сенім және ішкі еркіндік. Менің қағидам қарапайым: жұмыс істеуге кедергі келтірмеу. Егер біреудің қолынан бірнәрсе келмей жатса, кінәліні іздемейміз, басқа бағыт ұсынып, ашылуына көмектесеміз. Бүгінде бізде жас маман көп, компанияда жұмыс істейтіндердің орташа жасы 30-дан сәл ғана асады. Көпшілігі университеттен кейін бірден келіп, бізбен бірге қалыптасты", - деді Айбек Алдабергенов.
Ол Tengrinews-ке университеттен кейін бірден келіп, жобамен бірге өскен қызметкерлермен ерекше мақтанатынын айтты.
"Жастар қайда баратынын біледі, бірақ қалай барарын білмейді. Ал біз қалай барарымызды білеміз, бірақ қайда барарымызды білмейміз". Сол себепті қуат пен тәжірибе, импульс пен жауапкершілік түрінде бірге тепе-теңдік құрамыз. Tengri адамдардың, жасап жатқан ісімізге деген сенімнің бірлігі барда ғана өмір сүреді", - деп түйіндеді ол.
Фото © Tengrinews.kz
Құрамына Tengrinews.kz сайты кіретін Alash Media Group холдингінің басшысы Зауре Қазыбаеваның сөзінше, 15 жыл ішінде команда бірқатар дағдарысты, технологиялық және медиа нарықтағы өзгерісті бастан өткерген, бірақ ең бастысы тұрақтылық пен мінезін жоғалтпаған.
"Медиабизнес - кестемен жүретін турбуленттілік. Біз бағытымызды ұстап, жылдам әрекет етуді, сапаны және адамдарды сақтауды үйрендік. Мынадай сөз бар: "Өмір - эгоңның қалауы, тәжірибең негізінде келген сабақ пен жүйкең шыдай алатын деңгей арасындағы келісім". Командаға алғыс айтамын, біз 15 жыл бойы Tengri-дің биігінен түспегенімізді дәлелдеп келеміз", - деді ол.
Ол команда алдында тек жаңа формат емес, медиа мен контентке деген көзқарасты қайта қалыптастыру тұрғанын айтты.
"Бұдан әрі оқырман үшін қолайлы болу басты назарда. Миссиямызға сәйкес ең басты капитал - аудиторияның сенімін сақтаймыз: жеделдікті толыққанды ақпаратпен, журналистика дәстүрлерін жаңа технологиялармен ұштастырамыз. Біздің бір ғана қағидамыз бар: сенім. Нақты дерек интерпретациядан жоғары, тексеру сенсациядан жоғары тұрады. Әр материалда адамға деген құрмет бар", - деп қорытындылады Зауре Қазыбаева.
Ертең таңда бәрі қайта басталады: кофе, жаңалықтар, "Шұғыл!" деген хабарламалар.
Tengrinews елмен бірге оянады, 15 жыл қатарынан солай болып келеді.
Tengrinews елмен бірге оянады, 15 жыл қатарынан солай болып келеді.
Бізге небәрі 15 жыл толды. Әлі бәрі алда. Бізбен бірге болғаныңызға рақмет!