Синоптиктер Астана мен Алматыда күн күркіреп, жаңбыр жауатынын ескертті

Синоптиктер Астана мен Алматыда күн күркіреп, жаңбыр жауатынын ескертті Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 10-12 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 10-12 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

10 маусымда ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +26...+28 градус болады.

Жарнама
Жарнама

11 және 12 маусымда да ауа райы құбылмалы болады. Кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз екпіні 15–20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус болады.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

10 маусымда ауа райы құбылмалы болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 11 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +27...+29 градус болады.

11 маусымда ауа райы құбылмалы болып, өткінші жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +27...+29 градус болады.

12 маусымда ауа райы құбылмалы болып, өткінші жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан және оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +30...+32 градус болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады: синоптиктер болжамы

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама