Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу стратегиясын бекітті

Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу стратегиясын бекітті Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Qazaqstan" жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Qazaqstan" жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Ауқымды цифрландырудың және жасанды интеллект технологияларын жаппай ендірудің 2029 жылға дейінгі "Digital Qazaqstan" жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы" жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.

Жарлықтың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Жарнама
Жарнама

Тоқаев Қазақстанды жаңғыртудың негізгі факторларының бірін атады

Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Сол кезде Президент жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу елімізді жан-жақты жаңғыртудың негізгі факторларының бірі саналатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанның цифрлық даму бағдарын айқындайтын Digital Qazaqstan стратегиясы бекітілетінін айтты.

"Бәріңізге белгілі, биыл елімізде – "Цифрландыру және жасанды интеллект жылы". Сондықтан алдымызда әлі де көп жұмыс бар. Ширақ қимылдап, тұтас қоғам болып табанды еңбек етуіміз керек", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде әлемнің аса жоғары жылдамдықпен дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, қазіргідей құбылмалы, дүрбелеңге толы заманда бәсекеге қабілетті ел болып, көш соңында қалмай, өркениетті елге сай өсіп-өркендей беру қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама