Түркия ұзындығы 300 метр болатын авиатасымалдағышты жинай бастады - Ердоған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия ұзындығы 300 метр болатын авиатасымалдағышты жинай бастады - Ердоған x.com/RTErdogan

Түркия ұзындығы 300 метр болатын авиатасымалдағышты жинай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия ұзындығы 300 метр болатын авиатасымалдағышты жинай бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, бұл жөнінде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ыстамбұл әскери-теңіз кеме жасау зауыты қолбасшылығы аумағында өткен теңіз платформаларын пайдалануға беру, ту көтеру және металды алғаш кесу рәсімінде мәлімдеген.

"Қорғаныс өнеркәсібі саласында жүзеге асырып жатқан әр жобада тек өнім әзірлеуді емес, бүкіл экожүйені және өндірістік қуатты дамытуды да көздейміз", - деді ол.

Оның айтуынша, құрлықта тежеуші күш болу үшін әуеде мықты болып, теңізде тиімді әрекет ету қажет.

Мемлекет басшысы Түркия барлық үдерісті - зерттеу мен әзірлемеден бастап жобалауға, бағдарламалық қамтудан өндіріске дейін - өзінің ұлттық ресурстарын пайдалану арқылы жүзеге асыратынын айтты.

"Қазір қорғаныс өнімдерін экспорттау көлемі бойынша әлемде 11-орындамыз. Кейінгі 11 айда қорғаныс және аэроғарыш өнімдерінің экспорты былтырмен салыстырғанда 30 пайызға өсіп, 7 миллиард 445 миллион долларға жетті", - деді Ердоған дерек келтіріп.

Сондай-ақ, ол Түркия әскери кемелерді өз бетінше әзірлеп, суға түсіретін әлемдегі 10 елдің қатарына кіретінін атап өтті.

"Біз ұзындығы 300 метр болатын авиатасымалдағышты жинай бастадық. Ол TCG Anadolu-дың (әлемдегі соққы беретін ұшқышсыз аппараттарға арналған алғашқы авиатасымалдағыш - еск.) "ағасы" болады", - деді президент.

Түркия басшысы ел құрлықта, теңізде, әуеде және киберкеңістікте тежеуші қуатты күшейтетін жобаларды кезең-кезеңімен іске асыратынын да айтты.

Еске салайық, 2023 жылы Түркия әскери-теңіз күштері құрамына әмбебап десанттық авиатасымалдағыш TCG Anadolu кемесін енгізген. Конфигурациясы бойынша ол "жеңіл авиатасымалдағыш" санатына жатады. TCG Anadolu "Байрактар" тұқымдасына жататын соққы беретін ұшқышсыз аппараттармен жабдықталған әлемдегі алғашқы кеме ретінде аталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети