23 наурыз 2014 13:04

Венеция Италиядан бөлініп шығуға дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венето әкімшілік аймағында тұратын сайлаушылардың негізгі бөлігі мен оның астанасы Венецияның басым көпшілік тұрғыны наурыздың 16-ы мен 21-і аралығында өткен бескүндік референдум кезінде Италиядан бөлініп шығуға дауыс берді, - деп хабарлайды Agence France-Presse. Рефедендум кезінде респонденттердің 89 пайызы арнайы сайттар арқылы Римнен тәуелсіз ел болуға және өздерінің егемен ел ретінде қалыптасып, құрылуына дауыс берген. Сайлаушылардың тең жартысы сондай-ақ, ұлттық валюта ретінде евроны қалайтынын, Евроодақ пен НАТО мүшелігінде қала бергісі келетінін білдірген. Бұл аймақта дауыс беруге құқы бар 3,8 миллион адам тұрады. Онлайн-референдумның қорытындысы заңсыз болып табылғанымен, бұл шара Венетоның осындай жолмен тәуелсіз ел ретінде бөлініп шығуға мүмкіндік бере алатынын дәлдегендей. Сондықтан венециялық саясаткерлер болашақта осындай тәсілді қолданудың жолдарын қарастырып көрмек. Еске саламыз, Венециядағы референдумды өткізу бастамасын Ұлыбританиядан өз тәуелсіздігін алу үшін 2014 жылы қыркүйектің 18-і күні жалпыхалықтық дауыс беру шарасын өткізуді жоспарлап отырған Шотландия премьер-министрі көтерген. Сондай-ақ, бұл жерде тұрғындарының жартысынан көбі Испаниядан бөлініп шыққанды қалап отырған Каталонияны да мысалға алуға болады. Ол елде референдум қарашаның 9-ы күні өткізілмек. Венеция республикасы XVIII ғасырдың соңына дейін тәуелсіз ел болып тұрған. Ғасыр ортасында ол ел тіпті Еуропаның мәдени және экономикалық орталығы болып қана қоймай, әлеуеті күшті теңіз державасы да болып тұрған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети