06 мамыр 2014 12:59

16 мамыр күні Алматыда "Музей түні" болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР МОМ ©ҚР МОМ

16 мамырда Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде "Музей түні" дәстүрлі шарасы тоғызыншы рет өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі орталық музейдің мәдени-білім жұмыстары орталығының қызметкері Сымбат Баққұловаға сілтеме жасап.


16 мамырда Алматыдағы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде "Музей түні" дәстүрлі шарасы тоғызыншы рет өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі орталық музейдің мәдени-білім жұмыстары орталығының қызметкері Сымбат Баққұловаға сілтеме жасап.

Мекеме ұжымы бұл күні сағат 17.00-ден түн жарымына дейін әр алуан мәдени бағдарлама ұсынғалы отыр. Бұл күні Мемлекеттік орталық музей қоры коллекцияларының бірнеше көрмесі ұсынылады: академик Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 115 жыл толуына арналған "Қазақ жерінің ұлы ғалымы", "Сақтау үшін жаңғырту" атты қалпына келтірілген экспонаттар көрмесі, "Сағаттар коллекциясы" және Hand made сәндік-қолданбалы өнер жәрмеңкесі.

Сонымен қатар, Қазақстан суретшілерінің кескіндеме, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер көрмелері, халық қолөнершілерінің жәрмеңкесі, музей залдары бойынша тақырыптық және шолу экскурсиялар, "Сиқыршылар шеберханасы" шығармашылық алаңы, шоу-дефиле мен шеберлік дәрістері, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түнгі көрсетілімдері де болады.

Бағдарлама аясында ҚР халық әртістері мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. "Барабандар думаны" болады, түнгі дәмхана жұмыс істейді. "Бұл іс-шара Алматы қаласының мәдени күнтізбесінде барша халық асыға күтетін жарқын оқиғалардың біріне айналды. "Музей түні" іс-шарасын өткізудегі басты мақсат – музейдің тек ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру мекемесі ғана емес, сонымен бірге барлық музей келушілері үшін мәдени демалыс екенін көрсету. 2012-2013 жылдары өткен аталмыш іс-шара барысында Орталық музейге 7000-нан астам адам келген" - дейді Сымбат Баққұлова.

Әлем музейлері өздерінің кәсіби мерекесін жыл сайын 18 мамырда атап өтеді. ҚР Мемлекеттік орталық музейде бұл күн 2006 жылдан бастап мерекеленіп келеді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети