Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 325.00
EUR / KZT - 362.80
CNY / KZT - 47.57
RUB / KZT - 5.50

"XXI ғасыр Тенорлары" ұжымы Алматыда Operamania гала-концертінде өнер көрсетеді

19 Ақпан 2014, 18:00
0
Опера әншісі Дина Хамзина. ©Айжан Тугельбаева
Опера әншісі Дина Хамзина. ©Айжан Тугельбаева
23 ақпан күні Алматыдағы Республика сарайында Operamania гала-концерті өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сахнада "XXI ғасыр Тенорлары" ерекше арт-жобасы өнер көрсетеді. Ресейлік музыкант әрі продюссер Дмитрий Сибирцев Мәскеудің ең ірі опералық театрларының, оның ішінде Ресей мемлекеттік академиялық үлкен театры, Станиславский және Немировича-Данченко атындағы Мәскеу академиялық театрының, Мәскеудің Жаңа опера театрының мықты деген тенорларын жинаған екен.

"Бұл салтанатты іс-шара Алматыда классикалық өнерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы концерттен кейін көрермен Алматыдағы барлық театрлардың классикалық репертуарын тамашалауға деген қызығушылығы артады деп ойлаймыз", – дейді Алматы қаласы Мәдениет басқармасының жетекшісі Қайрат Құлбаев.

Гала-концертке қазақстандық белгілі опера әншісі Дина Хамзина (меццо-сапрано) қатысады. Ол Лада Кысыковамен бірлесіп Жак Оффенбахтың "Гоффман ертегілері" операсындағы "Баркароланы" және Джоаккино Россинидің "Екі мысықтың дуэті" операларын орындайды. Сондай-ақ гала-концертке Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірова да қатысады.

Алматылық көрермендер Гедиминас Таранда жетекшілік ететін "Имперский русский балет" өнерін де тамашалай алады. Опера және балет орындаушыларын Абай атындағы мемелкеттік опера және балет театрының симфониялық оркестрі сүйемелдейді. Сондай-ақ концерке "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі өнер көрсетеді. Аталған іс-шара "Алматы – ТМД-ның мәдени астанасы" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай