Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Абай мұражайының сайтында 3D-саяхат жасауға болады

05 Ақпан 2015, 18:11
0
abay-museum.kz сайтынан скриншот
abay-museum.kz сайтынан скриншот

Абайдың әдеби-мемориал мұражайының сайтында виртуал 3D-саяхат ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мұражайды енді үйден шықпай-ақ аралауға болады.

"Қазақ халқының ұлы ақыны мен ойшылының музейіне келем деушілер ендігі уақытта мұражай көрме залдарына, экспонаттар мен қазақ әдебиеті тарихының бөлігіне үйден шықпай-ақ серуен жасай алады", - делінген хабарламада. Мұражайдың виртуал 3D-саяхатына мына сілтеме арқылы кіруге болады. Айта кетейік, 2015 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толады. 

Абайдың әдеби-мемориал мұражайы Мұхтар Әуезовтің ұсынысы бойынша ақынның туғанына 95 жыл толу қарсаңында Қазақ КСР Халық Комиссарлар кеңесiнiң 1940 жылдың 1 сәуiрiндегi №347 қаулысы негiзiнде құрылды. Ол -  Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай. 1990 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Қазақ КСР Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша ақын мұражайы Абайдың “Жидебай-Бөрiлi” мемлекеттiк тарихи-мәдени және әдеби-мемориал қорық-мұражайы болып қайта құрылды. 

Қорық-мұражайдың негiзгi қоры 1885 жылы Абайдың өлкетану мұражайына тапсырған заттарынан тұрады. Бұл заттардың 30-ға жуығы мұражай қорында сақтаулы тұр. Мұражай экспозициясында “Абай дәуiрi”, “Абай бейнелеу өнерiнде”, "Абай және Семей шаһары" атты тақырыптық көрме залы, "Абай шығармашылығының қайнар бұлақтары", ақын дастандарына арналған “Шығыс залы”, “Грек залы”, "Жаз" өлеңіне арналған зал, “Абайдың ақындық мектебi”, “Абайтану”, “Абай халық жүрегiнде” және "Сыйлықтар" залы орналасқан. Онда Абай өмірі мен шығармашылығы, оның ақындық және туыстық айналасы, замандастары мен дәстүрін жалғастырушылар жайлы мол мағлұматтар жинақталған.

Мұражай экспозициясына ақын отбасынан қалған көне мүліктер, түпнұсқа құжаттар, Абай дәуірін, оның қоғамдық қызметін бейнелейтін этнографиялық және архивтік деректер, шығыс ғұламаларының сирек кездесетін шығармалары, батыс философтарының туындылары мен замандас ақындардың жазбалары жинақталған. Сонымен бірге, экспозицияда қазақтың ұлттық салт-дәстүрін айшықтайтын, шеберлікпен жасалған жиһаздармен жабдықталған 6 қанатты киіз үй мен ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қала тұрмысын танытатын құнды үй-іші мүліктері бар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай