01 тамыз 2014 11:36

Алан Бөрібаев "Абай" операсын "Астана Опера" театрында қоймақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дирижер Алан Бөрібаев. ©astanaopera.kz Дирижер Алан Бөрібаев. ©astanaopera.kz

Әлемге аты әйгілі дирижер, қазақтың дарынды композиторы Ахмет Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев "Абай" операсын "Астана Опера" театрында қоятын болды. Операның премьерасы 2015 жылдың 1-2 мамырына жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.


Әлемге аты әйгілі дирижер, қазақтың дарынды композиторы Ахмет Жұбановтың шөбересі Алан Бөрібаев "Абай" операсын "Астана Опера" театрында қоятын болды. Операның премьерасы 2015 жылдың 1-2 мамырына жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

"Бұл – ұлы музыка, біздің ата-бабаларымыз бізге мұра етіп шедевр қалдырған. "Абай" операсының Астанадағы жаңа өнер ордасында үлкен жетістікке жететініне мен еш күмәнданбаймын", - деді Алан Бөрібаев. 

Дирижердың айтуынша, осы опера қазақ мәдениетінің Абай, М.Әуезов, А.Жұбанов. Л.Хамиди секілді ұлы тұлғаларының есімімен тығыз байланысты. "Абай" операсындағы Абай образын музыкалық шығармаға Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди арқау етті. Әр буынның өз Абайы бар. Осы тұрғыдан алғанда біз Абайды қазіргі заманның көзқарасымен көрсеткіміз келді", дейді дирижер.

Айта кетейік, "Абай" операсының алғашқы премьерасы 1944 жылы Алматы қаласында болды. 1958 жылы операға біршама өзгерістер енгізілді. Осы уақыттан бастап 2014 жылға дейін "Абай" операсы өзгертілген емес. Жақында Алан Бөрібаев Алматыда "Абай" операсының жаңартылған нұсқасын көрермен назарына ұсынған болатын. Сондай-ақ маэстро 2012 жылы "Абай" операсының еуропалық нұсқасын жасап, Германияның мемлекеттік опера театрында қойды. Алан Бөрібаев "Абай" операсының  түпнұсқасындағы авторлардың идеясын сақтай отырып, өз тарапынан кейбір тұстарын редакциялады, партитурадағы кейбір қателерді түзеді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети