22 шілде 2016 09:58

Әлеуметтік желілерді жаулап алған қостанайлық жігіт: Мен дінге сенемін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram/samrat_ir © Instagram/samrat_ir

Алматыдағы қайғылы оқиғаларға байланысты "Ал сенесің бе?" деп аталатын өлеңімен әлеуметтік желілерді жаулап алған қостанайлық 18 жастағы Самрат Иржасов кез келген шығармашылықтың түрін ұнататынын айтты. "Мен көңілді тапқырлар клубының "Мектептегі құрама лигасында" ойнадым, өлең жазамын, ән айтамын (рэп бағытында), іс-шараларды жүргіземін және тағы да басқа көп нәрселер мені қызықтырады. Мектепті бітірдім, Алматыдағы Тұран университетіне режиссер мамандығы бойынша түстім", - деді жас жігіт Tengrinews.kz тілшісіне.

"Өлеңдерді бұрыннан бері жазамын. Тоғызыншы сыныптан бастап жаздым. Жақында ғана өзімнің өлеңдеріммен роликтерді түсіріп, Instagram парақшама сала бастадым. Осыдан 4-5 күн бұрын ғана. Адамдарға ұнайды. Мен соған қуаныштымын", - деді ол.

"Тақырыптарды ешқашан ойдан шығармаймын! Тек шындық! Тек менің ойларым! Мені, халықты не мазалайды сол туралы жазамын! Өмірімде болған жағдайлар туралы жазамын! Біреулердің өмірі туралы жазбаймын! Көңілді жігітпін, өлең жазу - менің жұбанышым!", - деді Самрат.

Оның айтуынша, оның Алматыда болған қайғылы оқиғаларға қатысты шығарған өлеңіне адамдар түрлі әсерде болды: "Қанша адам, сонша пікір деп айтады ғой. Көп пікір болды. Көбінесе жақсы пікірлер айтылды. Бірақ әрине, мені дұрыс түсінбей, жағымсыз пікір айтқандар да болды. Мен танымал бола алмаймын. Менде танымалмын деген сезім де болған емес. Адамдардың менің өлеңдерімді тыңдап, оларға ұнағанын сезіну мені қуантады!"

"Қостанай туралы барлық қазақстандықтың білгені ұнады. Қостанайда мен сияқты азаматтар көп қой! Бірақ олар туралы ешкім білмейді", - деді Самрат.

Ал оның қандай да бір діни сенімді ұстанады ма деген сұраққа Самрат қысқаша жауап берді: "Мен мұсылманмын және мен дінге сенемін".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети