29 мамыр 2014 16:37

ARTиШОК театры балаларды қорғау күніне ертегі ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 "ARTиШОК" театры ұсынған сурет "ARTиШОК" театры ұсынған сурет

 ARTиШОК театры балаларды қорғау күніне орай "Бапалардан бастап пілдерге дейін..." ертегісін ұсынады, деп хабарлайды, Tengrinews.kz


 ARTиШОК театры балаларды қорғау күніне орай "Бапалардан бастап пілдерге дейін..." ертегісін ұсынады, деп хабарлайды, Tengrinews.kz

Авторға балалар спектаклінің идеясы Михаил Дымовтың "Балалар Құдайға хат жазады" атты кітабына байланысты туған. Қойылымда осы кітаптағы цитаталар қолданылады. Сондай-ақ бұл спектакльде Ганс Христиан Андерсеннің аса танымал емес "Қуыршақ театрының директоры" және "Періште" ертегілері, Чайковскийдің "Щелкунчик" балетіне жазған либреттосы, неміс халқының "Кукушка" ертегісі пайдаланылады. 

Балалар мен ата-аналар тек театрлық қойылым ғана көріп қоймайды, балеттің, көлеңке театрының, балалардың көңілін көтеретін ойындардың элементтерін көреді. Спектакль басталғанда балалар ғаламтордан бас ала алмай отырады, тек ғаламтор іске қосылмай қалған кезде ғана олар экраннан бас алады. Режиссер Галина Пьянованың айтуынша, осы спектакль арқылы балаларға балалық шақтың қандай болатынын көрсеткілері келген.  Актерлер балаларға қиялдарын шыңдау арқылы қалай көңілді өмір сүруге болатынын көрсетеді.

Ертегіде басты рөлді  Вероника Насальская, Анастасия Тарасова, Виктория Мухамеджанова, Чингиз Капин және Дмитрий Копылов сынды актерлер ойнайды. Спектакль көрсетілімі 4 маусым күні 12.00 және 15.00-де болады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети