Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Астана аруы-2014" халықаралық "Туризм аруы" байқауына қатысуы туралы айтып берді

13 Қаңтар 2016, 14:17
0
Әсия Әбісова
Әсия Әбісова

"Астана аруы-2014" Әсия Әбісова Қазақстанды халықаралық "Туризм аруы-2016" байқауында таныстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әсия екі аптадан бері Малайзияда байқауға қызу дайындалып жатыр. Байқаудың мақсаты - туризмді насихаттау. Әрбір қатысушы қазылар алқасы мен көрермендерге өз елінің қонақжайлығын көрсетеді.

Әсия байқауды ұйымдастырып жатқан ел туралы айтып берді. "Дайындық өте қызу жүріп жатыр, конкурстағылар өте қарапайым, қонақжай. Маған ол жердегі көңіл-күй өте қатты ұнады", - деді қыз.

Айта кетейік, Әсия 2014 жылы "Астана аруы" байқауында жеңімпаз атанған еді. Бірнеше айдан кейін ол "Қазақстан аруы" байқауында Астана қаласының атынан шығып, еліміздегі ең сұлу бес қыздың қатарына кірді. "Туризм аруы" байқауында оған қазақстандық дизайнерлер көмектесіп жатыр.

Әсия Әбісова Еуразия ұлттық университетінде эколог мамандығы бойынша білім алады. Семейде туған қыз бірнеше жылдан бері Елорда тұрғыны.

Айта кетейік, "Туризм аруы" байқауының финалдық кезеңі 16 желтоқсанда өтеді. Финалдық шоу кезінде тәж иегерімен қатар, көрермендер көзайымы анықталады. Оны көрермендер онлайн дауыс беру арқылы анықтайды. Әсия Әбісоваға мына мына жерден дауыс беруге болады.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай