"Астана Опера" "Бақшасарай фонтаны" балетінің премьерасын әзірлеп жатыр

20 Ақпан 2015, 16:43
0
"Астана Опера" "Бақшасарай фонтаны" балетінің премьерасын әзірлеп жатыр - Репетиция. ©"Астана Опера"/ Карла Нур
Репетиция. ©"Астана Опера"/ Карла Нур

"Астана Опера" театры сахнасында сәуірдің 11-12-сі күндері Борис Асафьевтің "Бақшасарай фонтаны" балетінің премьерасы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қойылымды сахналаумен қазақстандықтар хореографтар, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаевалар және суретші-сценограф Эцио Фриджеролар айналысып жатыр. Костюмдер жөніндегі суретшілер - Франка Скуарчапино мен Софья Тасмағамбетова. Бұл - Қазақстан мен Италия шеберлерінің екінші бірлескен жұмысы. Бір жыл бұрын мұндай тандем "Аққу көлі" балетін ұсынған еді. 

"Бақшасарай фонтаны" балеті - Александр Пушкиннің поляк князінің қызы Мария, татар ханы Гирей мен оның сүйікті әйелі Зарема туралы поэмасына негізделген туынды. Балет хореографиясы бидің классикалық үлгісі мен шығыс биінің қарама-қайшылығынан тұрады, осылайша екі басқа дүние қатар сипатталады. 

"Спектакльдің қиын болу себебі - секіру және демеу қимылдарымен бірге үлкен актерлік жұмысты талап етуі. Әсіресе, бұл негізгі үш партияға қатысты: Мария, Зарема, Гирей хан. Біз ІІ акт биін қайта қарадық, ол - ыдыс қоятын табамен, қоңыраулармен биленетін би, екінші әйел вариациясы мен тұтқын қыздары бар көрініс те өзгертілді", - дейді "Астана Опера" балетінің көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев. 

Спектакльге "Астана Опера" балетінің бүкіл құрамы қатысады. Мария ролінде Мәдина Басбаева мен Назерке Аймұхаметова, Зарема ролінде Әйгерім Бекетаева, Гауһар Усина, Әнел Рустемовалар ойнайды. Гирей хан образын Бауыржан Мекембаев, Жәнібек манқұлов және Жандос Әубәкіров жасайды. Қойылымның қоюшы дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айдар Әбжаханов. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай