28 ақпан 2017 13:24

Астанада опера жұлдыздары Россинидің "Шағын салтанатты мессасын" орындайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано) Салтанат Ахметова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (меццо-сопрано) Дина Хамзина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (тенор) Медет Шотабаев, Арменияның Халық әртісі (бас) Барсег Туманян, "Астана Опера" театрының хоры мен симфониялық оркестрі және де дирижері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов бастаған топ Джоаккино Россинидің "Салтанатты месса" туындысын орйындайды

Еуропаның ең атақты әрі табысты опера композиторларыны ң бірі, 40-тан аса опера жазған Джоаккино Россинидің шығармаларының ішінде "Шағын салтанатты месса" туындысының шоқтығы биік. Оны композитор опера жолындағы қызметін аяқтағаннан кейін жазған. "Шағын салтанатты месса" - кемеңгердің оқиғаға толы өмірі мен шығармашылығының қорытындысы.

"Шағын салтанатты месса" туындысының атауы оның көлеміне байланысты емес, бастапқы сүйемелдеуші шағын құрамға - фортепиано мен органға, дәлірек айтқанда гармониумға қатысты (дыбысы фисгормонияға жақын аспап). Мұндай сүйемелдеу автор тарапынан өте дұрыс таңдалған, өйткені оркестр Россинидің ұмытуға тырысқан опера стилін қатты байқатады. "Шағын салтанатты месса" - ерекше жарқын, мөлдір туынды. Классикалық музыка бағалаушылары мессада таңдандыратын опера әуендері мен хор нөмірлерінің айрықша үйлесіміне тәнті болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети