20 шілде 2017 14:52

Астанада қазақ театрын салу жоспарланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Астанада қазақ театрын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасы арқылы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада қазақ театрын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасы арқылы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астанада қазақ театрын салу жоспарлынап отыр. Бұл Астана әкімдігі іске асырып жатқан Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" мақаласында көрсетілген бағыттардың бірі ғана", - деп жазыпты ол. 

Жүргенбаеваның сөзінше, қала басшысы Әсет Исекешев жаңа театрды жобалауды тапсырды. Істің өзге жайлары кейін хабарланады. 

Еске салайық, 2016 жылы Астанада "Астана Балет" театры ашылған болатын. Қазақ ұлттық хореография академиясының кешеніне кіретін орын халықаралық талаптарға сай. 

2013 жылдың маусымында Қазақстан президенті "Астана Опера" театрын ашқан болатын. "Бұл Орта Азиядағы ең үлкен өнер ғибадатханасы, еуразиялық аймақта соңғы он жылда салынған осындай көлемдегі жалғыз классикалық театр және әлемдегі техникалық тұрғыдан ең жетігі", - деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети