Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Астанадағы "эротикалық" мүсінді өзгерту керек пе - көзқарастар

17 Наурыз 2016, 12:33
4
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанада 11 жыл бұрын тұрғызылған "Ғашықтар" мүсіні жайлы мәселе желіде бірнеше күннен бері талқыланып жатыр. Бұған қатысты Интернет қолданушыларының пікірі қаққа жарылды. Біреулері композициядағы қыздың тым ашық-шашық екенін айтса, біреулері әлем өнерінің қатарында мұндай мүсіндердің барын айтып, ақтап жатыр. Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық танымал тұлғалардың пікірін сұрастырды.

Продюсер Алтынбек Рахметов әлемдік өнер тұрғысында қарап көрсе, мұнда ұят дейтін ештеңенің жоғын айтты. Ал ар-ұят тұрғысында қарағанда, оның айтуынша, мүсін қазақстандық ділге жатпайды. Рас, продюсердің мәлімдеуінше, бүкіл әлемде ұлы суретшілердің салған бұдан да ашық-шашық мүсіндері бар және олар 300-500 жыл бұрын өмір сүрген. "Біздің қазақстандықтар Италияға, Францияға барады және сол жалаңаш мүсіндерге қарап, тіпті суретке де түседі. Бірақ олар еш наразылық танытпайды, себебі ол елдердің мәдениеті сондай. Иә, мойындау керек, біз Италияда, Францияда тұрмаймыз, зайырлы болсақ та, біз азиялық мемлекетте тұрамыз, сондықтан наразылық туындайды, - деді Рахметов. - Мүсін мен әдемі тәннің не екенін білетін адамдар бұл жұмысты түсінеді".

Сонымен қатар, ол егер мүсін осынша наразылық тудырса оны еш өзгертпестен басқа орынға ауыстыру керек деген ойын айтты. "Меніңше мүсін де, қыз да әдемі. Өкінішке қарай, қазір өнерді түсінбейтін адамдар көбейіп кетті".

Өнертанушы Валерия Ибраева суретшіні қорғап алу үшін Пушкиннің сөздерін мысал етті: "Поэзия адамгершіліктен жоғары". "Де Вольтерра деген суретші болған, оған Микеланджелодағы "Қорқынышты сот" ғимаратының қабырғасындағы жалаңаштың суретін бояу тапсырылған. Ол тарихта "Штанописец" деген лақап атпен қалды. Сондықтан, мүсінге қатысты наразы болған Астананың адал тұрғындары кеуделерін намыс кернеген жалғыз адамдар емес, қоғамдық инабаттылық үшін соңғы демі қалғанша күресетін цензорлар жетерлік. Мүсін сырт көз үшін - өзге кез келген қалалық мүсіндерден артық та, кем де емес", - деді  Ибраева. 

Өз кезегінде әнші Ерлан Көкеев те мүсінге қатысты қарсылық білдірмеді. "Ол жерден ұятты ештеңе көрген жоқпын. Менің ойымша, біз өзге ракурстан қараймыз. Қалай десек те, бұл мүсіншінің жұмысы, оның өнер туындысы. Өз басым одан ұятты ешнәрсені көрмедім. Онда біз Микеланджелоны көру үшін Эрмитажға бармай-ақ қояйық, яғни бұл мәдени тәрбиенің мәселесі. Ол кімнің қалай қабылдайтынына байланысты. Мен бұған қалыпты түрде қараймын, басқаша қарайтындарға жай ғана оған қарамау керек", - деді Көкеев. 

Профессор Гауһар Алдабергенованың ойынша, бұл мүсін қазақ дәстүріне сай келмейді, бірақ әлемнің өзгеріп жатқанын ұмытпау керек. "Оны өзгерту немесе қалдыру керек деп нақты айта алмаймын. Бұл мәселені жан-жақты қарастыру қажет, себебі өмірде барлығы да өзгереді. Бұл жұмыстың да өзіндік әдемілігі бар. Бұл өнер", - деді ол.

Бұған дейін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Желіде дау туғызған мүсінге қатысты пікірін айтты. "Шынымды айтсам, бұл мүсін жастар үшін де жасалды. Астананың суретшілер одағының төрағасының айтуынша, ол мұның көркем туынды екеніне әділ баға берді. Алайда, біз өз дәстүріміз бар елміз. Халықта наразылық болып жатқанын біз есепке алуымыз керек", - деді министр.

Министр қыздың сымбатын Астана тұрғыны Талғат Шолтаев секілді матамен жабудың қажеттілігі жоқ деп есептейді. Айта кетейік, мүсінші қазақтың ұлттық киімін кигізбекші болған, бірақ композицияның өзіндік ерекшеліктеріне байланысты олай жасалған жоқ.

Осыған дейін Астананың Суретшілер одағының төрағасы Тоқтар Ермеков ескерткіш жайлы пікірін айтқан болатын. Ол бұл композицияда қолданылған әдістің ертеден белгілі екенін айтты. Ол композиция авторын жақсы мүсінші әрі маман ретінде, өз ісін білетін адам ретінде білетінін айтып берді. 

Астананың орталығындағы Ғашықтар саябағында орналасқан "Ғашықтар" немесе "Бақытым менің" композициясына елорда тұрғындары екіұшты пікір айтқан еді. Ол 2005 жылдың 10 маусымында орнатылған болатын. Оның ашылуына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мәскеу мәрі болған Юрий Лужков қатысқан.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай