11 мамыр 2014 13:02

Астанадағы көрмеде көне жәдігерлер көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото planetofhotels.com сайтынан алынды Фото planetofhotels.com сайтынан алынды

19 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайында өтетін "Ұлт қазынасы" көрмесінде "Әдемі-Ай" өнер мұражайының сирек кездесетін қолөнер бұйымдары да жұртшылық назарына ұсынылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мұражай сайтына сілтеме жасап.


19 мамырда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайында өтетін "Ұлт қазынасы" көрмесінде "Әдемі-Ай" өнер мұражайының сирек кездесетін қолөнер бұйымдары да жұртшылық назарына ұсынылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мұражай сайтына сілтеме жасап.

Өнер мұражайы 2011 жылы атақты қолөнерші, бұйымшы Бахаргүл Төлегеннің бастамасымен құрылған болатын. Қазіргі таңда мұражайда мыңға жуық жәдігерлер бар, онда ІІІ - І ғасыр уақыт аралығындағы Кушан мемлекеті және VI – ХII ғғ тарихи жәдігерлері сақталған. Көрмеде декоративтік-қолданбалы өнер бұйымдары да ұсынылады.

ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы аталмыш көрмені Қазақстан халқының тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттауға бағытталған серіктестік жобасы аясында өткізіп отыр.

Еске сала кетейік, "Ұлт қазынасы" көрмесі ұйымдастырылар алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Әдемі-Ай" компаниясының негізін қалаған Бахаргүл Төлегенмен кездесіп, оның қазақтың мәдени мұрасын сақтап, зерделей білген іс-әрекетіне жоғары баға берген болатын. Бахаргүл Төлеген - танымал топтамашы-этнограф, Қазақстандағы түркі халықтарында сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының бірден-бір жеке мұражайының иегері болып табылады.

Балалық шағы мен жастық шағы Қытай Халық Республикасында өткен Бахаргүл Төлеген бала кезіндегі арманын жүзеге асырды, 1994 жылы тарихи отанына оралды. Сол сәттен бастап Бахаргүл өмірін қазақ ұлттық мәдениетін насихаттауға әрі құнды тарихи жәдігерлерді сақтауға арнады. Алда болатын көрменің арқасында Астананың тұрғындары мен қонақтары этнографиялық бұйымдардың тамаша және мазмұнға бай топтамаларымен танысуға мүмкіндік алатын болады. Көрме 20 мамырға дейін созылады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети