03 желтоқсан 2015 16:15

Айтыс ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ЮНЕСКО айтысты адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ЮНЕСКО айтысты адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шешім Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитетінің 2 желтоқсанда Намибияда өткен оныншы сессиясында қабылданды.

Айтыс ерекше суырып салма өнері ретінде Қазақстан мен Қырғызстан атынан тізімге енгізілді. Бұл суырып салма ақындық өнері бар екі адамның арасында болатын жарыс, өлең оқылады немесе қазақтың домбырасы сынды ұлттық музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен шырқалады. Тақырыпты тыңдармандар таңдайды, ал музыкалық өнерін, ырғақты сезінуін, ерекшелігі мен ұшқыр ойын жеткізе білген қатысушы жеңіске жетеді.

"Айтыс - жалпы мәдениеттің құрамдасы және Қазақстан мен Қырғызстанның көпұлтты қоғамының теңдігінің белгісі. Жарыс жергілікті немесе жалпы ұлттық мереке кездерінде ұйымдастырылады, тақырыптарында көбінесе әлеуметтік маңызды мәселелер қозғалады. Алдыңғы буын бұл дәстүрді жастарға қалдырады", - делінген ЮНЕСКО ақпаратында.

Еске сала кетейік, өткен жылы ЮНЕСКО қазақтың күйі мен киіз үйін адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосқан болатын.

Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитетінің шешімімен адамзаттың мәдени мұрасы қатарына 15 жаңа элемент қосылды.

Айтыстан өзге бұл тізімге мыналар кірді: КХДР-дің кимчи әзірлеу дәстүрі; Тинос аралында (Грекия) мәрмәр тас өңдеу; Балидегі "(Индонезия) ұлттық билердің үш жанры; Фичее-чамбалаалла, сидамо халқының (Ефиопия) Жаңа жылды тойлауы; "Ошитутхи шомагонго", марула тұқымының мерекесі (Намибия); Колка аңғарының (Перу) "витити" биі; Румыния жігіттерінің биі; Аларда альнайдия, Сауд Арабиясының дағырада ойнап, ән айтып, билеуі; Словакия волынкада ойнау мәдениеті.

Сонымен қатар, бұл тізімге түркмендердің "Кероғлы" дастаны кірді. БАӘ-ден бірден бірнеше элемент материалдық емес мәдени мұра тізімін толықтырды: араб кофесі - қонақжайлылық символы, "Әл-Разфа", дәстүрлі өнері (Оман), Меджлис, мәдени әрі қоғамдық орын (Сауд Арабиясы, Оман, Катар). Венесуэладан тізімге мыналар кірді - кептірілген өрікті өңдеу және өсіру технологиясы мен дәстүрлі тәсілдері, Малавиден - нконде, тумбук және чева халықтарының ертегілері мен мақалдарын сақтау.

Бұл тізімге кіру үшін берілетін өтініштерді қарау аяқталды және ұсынылған 35 кандидатурадан 23 жаңа элемент қосылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети