07 қыркүйек 2014 12:12

Балет "Оскары" сыйлығының иегерлері Алматыда өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дарья Климентова мен Вадим Мунтагиров. Фото zavtra.ru сайтынан Дарья Климентова мен Вадим Мунтагиров. Фото zavtra.ru сайтынан

Абай атындағы опера және балет театрынының сахнасында әлемді паш еткен жұлдыздар өнер көрсетеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ArtClassic компаниясына сілтеме жасап. Белгілі композитор  Петр Чайковский туындыларының ішіндегі ең үздік саналатын "Лебединое озеро" балетінің басты партиясында осы жолы берлиндік  Staatsoper Berlin театырының прима-балеринасы Яна Саленко мен Лондон премьері Covent Garden-нің бишісі Вадим Мунтагиров ойнады. 

Екі жұлдыз да үлкен марапат иелері. Соның бірі -  "Оскардың" балет жанры бойынша Dance open-нің марапатын алған екен. Яна Саленко да, Вадим Мунтагиров да әлемдік балет элитасынан ойып орын алғандар. Сонымен қатар, ең ірі театр сахналарының құрметті қонақтары. Яна Саленко - билеу техникасы ерекше әрі өзінің өнер көрсету кезіндегі асқан жеңілдігімен дараланып жүрген актриса. Негізі ол Донецк балет мектебін бітірген екен. Сөйтіп Украинаның ең үздік театр труппасына кірген. 2005 жылы Staatsoper Berlin солисткасы, 2007 жылы осы труппаның прима-балеринасы болған. 

Ал Вадим Мунтагировқа келсек, оның өнердегі бағы 2006 жылы жанған. Сол кезде 16 жастағы ол Перм балет училищесінде оқып жүріп-ақ бір емес, үш бірдей мерейі үстем балет сайыстарына қатысқан. Осы заманғы хореографиядағы жетістіктеріне қарамастан, екеуі де классикалық би өнерін жақтаушылар. 

"Лебединое озеро" балет спектаклі 12 қазанға жоспарланып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети