30 шілде 2014 09:32

Дильназ сүйіктісін көпшілікке көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дильназ Ахмадиева. Фото: art.gazeta.kz Дильназ Ахмадиева. Фото: art.gazeta.kz

Қазақстандық белгілі әнші  Дильназ Ахмадиева осыдан үш жыл бұрын тұрмысқа шыққан болатын. Алайда ол осы уақытқа дейін өзінің сүйіктісін журналистерге көрсетпей жасырып келді. Дильназдың күйеуінің аты Ахмад және оның кәсіпкер екені ғана белгілі болатын жұртқа.  Енді міне, таяуда әнші күйеуінің суреттерін ғаламторға салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Инфо-Цес" сайтына сілтеме жасай отырып.

Дильназ күйеуі екеуінің бірге түскен суреттерін ғалаторға салыпты. Суретке әнші "Менің күйеуім, менің махаббатым, менің өмірім, менің демім, менің қуатым. Сені маған кезіктірген Жаратқаныма алғысым шексіз. Сүйемін" деп жүрек тебірентер лебізін жазған екен. 

Желінің қолданушылары Дильназдың бұл суретіне бірден пікірілер жазуға кірісіп, бақытты жұпқа тілектерін жаудырды. Айта кетейік, Дильназ бен Ахмад әлі балалы бола қойған жоқ. Дильназ өзінің журналистерге берген сұқбаттарында жақында сәбилі болуды жоспарлап жүргендерін талай рет айтқан болатын. Әншінің ата-анасы да немере сүюді армандап жүрген көрінеді.

"Леди Mail.Ru" порталының журналистері анықтағандай, әнші өзінің сүйіктісімен гастрольдік сапарлары кезінде танысқан екен. Екеуінің ортақ таныстары Ахмадқа әншіні әуежайдан күтіп алуын өтінген. Осы кездесуден кейін жас жігіт Дильназды ұнатып қалып, оның жүрегін жаулауға әрекет жасайды. Екеуі де бірін бірі ұнататындарын түсінді. Бір жарым жылдан кейін жігіт Дильназға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасайды, әнші өз сүйіктісінің ұсынысын қабыл алды.

Дильназ бен Ахмадтың үйлену тойлары 2011 жылдың 17 қыркүйегінде Астанадағы мейрамханалардың бірінде өтті. Той ең жақын туыстар мен дос-жарадардың ортасында өтті. Тойға шақырылған БАҚ өкілдеріне жұбайлардың суреттерін жарияламауға өтініш жасалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети