29 сәуір 2014 18:55

Дубайда Scorpions тобының мүшесі тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дубайда Scorpions тобының мүшесі Джеймс Коттак тұтқындалды, - деп хабарлайды РИА Новости. 29 сәуірде таңертен үкім күшіне енді. 


Дубайда Scorpions тобының мүшесі Джеймс Коттак тұтқындалды, - деп хабарлайды РИА Новости. 29 сәуірде таңертен үкім күшіне енді. 

Музыкантты 3 сәуірде Мәскеуден Дубайға ұшу барысында әдепсіз мінез-құлық танытқаны үшін тұтқындаған. Агенттіктің айтуынша, Коттак Дубайға Бахрейн арқылы бара жатқан. Ол жақта Scorpions тобы "Формула-1" жарысының кезекті кезеңінде өнер көрсету керек болған, бірақ оны Дубай әуежайының құқық қорғаушылары тұтқындаған. 

Әуежайда дабылшының әдепсіз іс-әрекет жасап, мас күйінде болғаны айтылады. Нәтижесінде ол әуежайда алкаголь пайдаланғаны үшін 500 доллар көлемінде айыппұл төлеп, тұтқындалған. 

Музыкант қорғаушысының айтуынша, ол әдепсіз қылық жасағысы келмеген, бар болғаны арқасындағы татуировкасын көрсеткісі келген. 

Джеймс Коттак - америкалық музыкант, Scorpions және Kingdom Come тобының дабылшысы сонымен қатар Kottak тобының гитаршысы және вокалшысы ретінде танымал. Scorpions тобына Коттак 1996 жылы топтан Герман Раребелл кеткен соң қосылған. Ол топ құрамында алты жинақтың шығуына атсалысқан. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети