19 сәуір 2016 12:13

Эстрада жұлдыздары Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған акцияға қолдау білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігі © ҚР Қорғаныс министрлігі

ҚР Қарулы Күштері Отан қорғаушылар күніне арнап ерекше акция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Қарулы Күштері Отан қорғаушылар күніне арнап ерекше акция ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер азаматтарды 7 мамыр мерекесімен құттықтау үшін әлеуметтік желілердегі парақшада мерекелік аквагрим бар видео немесе фотоны жариялап, селфи жасап немесе шағын видео түсіру жеткілікті. Акция #kzarmy және #7мамыр хэштегтерімен бастау алды.

Кез келген адам әлеуметтік желілерде фото немесе видеосымен бөлісіп, туған-туысқандарына, достарына және әріптестеріне құттықтау гримінің эстафетасын ұсына алады. Аквагрим мейрам символы түрінде орындалып, қолға салынуы тиіс.

Бұл идеяны қолдап, қорғаушыларымызды айрықша "жауынгерлік бояумен" бояп, құттықтағандардың арасында қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Айгүл Иманбаева, Тамара Асар, Майра Ілиясова, Серік Ибрагимов, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы болды.


© ҚР Қорғаныс министрлігі

Айта кетейік, Отан қорғаушылар күні қарсаңында барша ел осынау маңызды мемлекеттік мерекені кеңінен атап өтеді. Әскери бөлімдер мен бөлімшелерде салтанатты сап түзеулер өткізіліп, жауынгерлік және оқу-жаттығу даярлықтарында ерекше көзге түскен азаматтар марапатталады. Соғыс және еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, олардың қатысуымен мектеп оқушыларына арнап ерлік сабақтары өткізіледі. Білім беру мекемелерінде мерекелік ертеңгіліктер, байқаулар, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, сондай-ақ салтанатты сап түзеулер өткізіледі.

Биыл Отан қорғаушылар күні 2016 жылдың тарихи атаулы датасы - Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жылдығы және "Мәңгілік ел" тұғыры - Қуатты Армия!" бірыңғай ұраны аясында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети