11 мамыр 2014 13:14

Индонезияда Қазақстанның Мәдениет күндері өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация ©tengrinews Иллюстрация ©tengrinews

13 мамырда Индонезия Республикасы Джакарта қаласының "Таман Исмаил Марзуки" атындағы концерт залында Қазақстан Республикасының мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


13 мамырда Индонезия Республикасы Джакарта қаласының "Таман Исмаил Марзуки" атындағы концерт залында Қазақстан Республикасының мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет күндері аясында Джакарта қаласында индонезия халқының назарына фотосурет көрмесі, "Елбасы жолы" және "Жаужүрек мың бала" фильмдері ұсынылып, соңы Қазақстанның танымал өнер шеберлерінің қатысуымен өтетін гала-концертке жалғасады.

Концертте ҚР еңбек сіңірген әртістері Ескендір Хасанғалиев, Нұржамал Үсенбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Біржан Хасанғалиев, Данияр Байжуманов, Балжан Жүнісова, Медет Шотабаев, сонымен қатар Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрі, "Белес" этно-фолк тобы мен "Салтанат" мемлекеттік ансамблі өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, екі елдің достық қарым-қатынасының дәлелі ретінде 2013 жылы Астана қаласында Индонезияның мәдениеті күндері өтіп, оның аясында Индонезия өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт, фотосурет көрмесі, тоқыма бұйымдарының көрмесі және фильмдер көрсетілген болатын.

Қазақстан Республикасының мәдениеті күндерін Индонезия Республикасында өткізу бүкіл индонезиялықтар үшін Қазақстан мәдениетіне деген үлкен қызығушылық пен Қазақстан-Индонезия мәдени байланыстары дамуының жаңа сатысы болмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети