Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Жұлдыздар Астанада тегін концерт береді

18 Маусым 2014, 09:55
0
© expo2017astana.com
© expo2017astana.com

Қазақстанның, Ресейдің және әлемнің өнер жұлдыздары Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесінің туын қабылдау салтанатына орай тегін концерт береді. Мерекелік шара 21 маусым күні болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Инфо-Цес" порталына сілтеме жасай отырып. 

Салтанатты шара аясында Астанада екі концерт өтеді. Біріншісі – 18.00-де "Қазақстан" орталық концерт залында. Бұл концертте Әлібек Дінішев, Дмитрий Хворостовский, Валерия және басқалар ән шырқайды. Екіншісі – 19,00-де "Сарыарқа" велотрегінде өтеді. Бұған Юлия Ковальчук, Шон Пол, Араш, Нюша, Алексей Чумаков, Виктория Дайнеко, "Серебро", Rin’Go тобы қатысады. 

EXPO-2017 сайтында тегін билеттерді  "Мега", "Керуен" сауда орталықтарында, "Сарыарқа", Конгресс-холл,  "Қазақстан" ОКЗ, "Жастар" сарайында алуға болатыны хабарланған. 

Естеріңізге сала кетейік, EXPO-2017 халықаралық көрмесі Астанада 2017 жылы өтеді. Көрменің тақырыбы – "Болашақтың энергиясы". Көрмеге 100 мемлекет және халықаралық ұйымдар, 2-3 миллион адам қатысады деп күтілуде. Көрменің барлық құрылыс нысандары 2016 жылдың соңына қарай аяқталмақ.   


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай