Қашқарияға Шоқан Уәлихановтың ізімен экспедициясы жолға шықты

25 Шілде 2014, 18:50
0
Қашқарияға Шоқан Уәлихановтың ізімен экспедициясы жолға шықты - Иллюстрация tengrinews ©
Иллюстрация tengrinews ©
Қашқарияға Шоқан Уәлихановтың ізімен экспедициясы жолға шықты - Экспедицияның ғылыми жетекшісі Смайлжан Иминов. Фото Роза Есенқұлованікі©
Экспедицияның ғылыми жетекшісі Смайлжан Иминов. Фото Роза Есенқұлованікі©

Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толуына орай оның Қашқарияға дейін жүріп өткен ізімен түрлі сала мамандарынан құралған ғылыми-танымдық экспедиция жолға шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры Орденбек Мазбаев бастаған ғалымдар, Қазақ ұлттық география қауымдастығы өкілдері мен Ш.Уәлиханов экспедициясының зерттеушісі Смайлжан Иминов, Tengrinews.kz тілшісі, СТВ телеарнасының операторынан құралған топ кеше - 24-ші шілденің кешінде Үрімшіге Алматы мен Астана қалаларынан ұшып шықты. Географ, биологтар және тіл мамандарынан құралған топ мүшелері Шоқан Уәлиханов осыдан 155 жыл бұрын жүріп өткен Қашқарияға (Қытай елі) апарар жолда Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елді-мекендерді басып өтпек. Экспедиция мүшелері 12 күн ішінде Қытай халық республикасы мен Қырғыз елінде орналасқан Үрімші - Қарашағар - Қорла - Кашар - Ақсу - Қашқар - Атуш - Еншарғар - Яркенд - Кагылык - Хотан - Қашғар - Турагат - Нарын -Таш-Рабат - Бішкекті жүріп өтетін болады.

Экспедицияның ғылыми жетекшісі Смайлжан Иминов: "Бұл сапар ғылыми, ірі туристік мақсатта ұйымдастырылып отыр. Біздің топ алғашқылардың бірі ретінде Уәлихановтың ізімен қайта жүріп өтетін болады. Осыдан тура 155 жыл бұрын ұлы ғалым мешіті бар елді-мекендерге аялдап, намаз оқыған екен. Ал Қашқарияға жетуді нәсіп етсе Шоқан Уәлиханов пен Махмуд Қашқари бабаларымыз болған жерлерді міндетті түрде аралауды жоспарлап отырмыз", - деді ол.

2012 жылы ұйымдастырылған сапарда экспедиция мүшелері Қашқарияда болғанымен онда тылсымға толы жайттардың көп екеніне көз жеткізіп қайтқанын айтты. "Бұл таңғажайып ел. Ол сапардан кейін мен кітап жазып шыққаным бар. Сапардың екінші мақсаты - туристік. Көптеген қазақстандықтар Түркияға сапарлап барғанында Иерусалимді, ал Еуропаға барғандар Лондон мен Парижде де болып қайтуды жоспарлайды емес пе. Алайда Орталық Азияда да көрікті жерлер баршылық. Сол себепті біз Қазақстанға келген туристерге біздің бабалармыз жүріп өткен жерлерді де насихаттауды алдымызға мақсат етіп қойып отырмыз", - деп ойын қорытты Иминов.

Қашқария бұған дейін де Марко Поло, Николай Прежевальский, Петр Козлов, Юрий Рерих пен Шоқан Уәлиханов секілді атақты саяхатшылар мен ғалымдарды қызықтырған мекен болып табылады. Уәлиханов өзі жүріп өткен аймақтар жайында ақпараттар жинау мақсатында Қашқарияда жарты жылға жуық уақыт тұрақтаған. Ұлы Абылай ханның шөбересі болып табылатын ғалым Қашқариядағы сапарын аяқтағаннан кейін "Алтышардағы жағдайлар туралы, яки Қытайдың Нан Лу аймағындағы (Кіші Бұқар) алты қалалар туралы" еңбегін жазған. Сол уақытта оның еңбегі жоғары бағаланып, ағылшын тілінде де қайта басылып шыққан. Мамандар атап өткеніндей, ол еңбекте келтірілген кейбір деректер әлі күнге дейін беймәлім күйде қалып отыр. Сапар барысында жинақталған материалдар Орталық Азия елдері мен ҚХР туристік мүмкіндігін көрсетуге бағытталған "Орталық Азиядағы Алтын Шеңбер" жобасына енгізілетін болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай