04 қараша 2016 11:48

"Қазақ Елі" анимациялық фильмі Испанияда көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі © "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

Қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш тарихи толықметражды "Қазақ елі" анимациялық фильмі 4-13 қараша аралығында Барселонада (Испания) өтетін Азия фильмдері кинофестивалінің (Asian Film Festival) негізгі байқауына іріктеп алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақ мультипликациясы тарихындағы тұңғыш тарихи толықметражды "Қазақ елі" анимациялық фильмі 4-13 қараша аралығында Барселонада (Испания) өтетін Азия фильмдері кинофестивалінің (Asian Film Festival) негізгі байқауына іріктеп алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анимациялық кинотуындының халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, кеңінен насихатталу жұмыстарын Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жүзеге асырады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "САҚ-дала" ЖШС түсірген "Қазақ елі" анимациялық фильмі болашақ хандар - Жәнібек пен Керейдің балалық шағы мен есею жылдары туралы баяндайды. Мультфильмде - шетсіз-шексіз қазақ даласы, заңғар таулар және Ұлы Жібек жолындағы Сығанақ, Отырар, Тараз және Түркістан секілді ежелгі қалалар бейнеленген.

"Фильм халықаралық аренада - сонау Испанияда көрсетілетініне қуаныштымын. Бұл мультфильмді біз ең біріншіден балаларға арнап жасадық. Картинада бостандық пен тәуелсіздік үшін күрес жолында қазақ елінің басын қалай біріктіргендігі жайлы әңгімеленеді.Сондықтан испандық көрермендер де еліміздің бай тарихымен танысатын болады", - деді фильмнің режиссері Батырхан Дәуренбеков.

Фестивальде 20 Азия елдерінің 80-ге жуық фильмдері көрсетіледі. Отандық туындыдан басқа фестивальге Қытай, Корей, Иран, Филиппин, Сингапур, Ауғаныстан, Жаңа Зеландия, Таиланд, Малайзия және Вьетнам елдерінің фильмдері қатысады. Айта кететін жайт, фестиваль шеңберінде Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ жарыққа шығарған Сатыбалды Нарымбетовтың "Аманат" және Досхан Жолжақсыновтың "Құнанбай" тарихи туындылары, сонымен қатар Асқар Ұзабаевтың "Жол" драмасы мен Мұрат Маханның дебюттік "Сот орындаушысы" фильмі көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетсек, жасалуында 2-D және 3D-технологиялар пайдаланылған "Қазақ елі" анимациялық фильмі үстіміздегі жылы мамыр айында көпшілік назарына ұсынылып, кинотеатрлардан көрсетілген болатын. Фильмнің жарыққа шығуына атсалысқандар қатарында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбай және белгілі жазушы Дулат Исабеков те бар. Бас кейіпкерлерді Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрының, сондай-ақ, Ж.Шанин атындағы Оңтүстік-Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері дыбыстады. Фильмнің саундтректерін Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев және басқа да танымал қазақстандық әншілер орындады.

Осыған дейін Елбасы да "Қазақ елі" анимациялық фильмін арнайы көріп, оң бағасын берген болатын. "Қазақ елі" анимациялық фильмін арнайы көріп, оң бағасын берді

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети