23 сәуір 2014 17:48

Қазақ-жоңғар соғысы туралы комикс жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұқаба. ©Тengrinews.kz Мұқаба. ©Тengrinews.kz

Алматыда қазақтардың жоңғарлармен шайқасы туралы комикс жарыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоба жетекшісі Оразхан Жақыпқа сілтеме жасап.


Алматыда қазақтардың жоңғарлармен шайқасы туралы комикс жарыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жоба жетекшісі Оразхан Жақыпқа сілтеме жасап.

"Дала" ("Степь") деп аталатын комиксте жоңғарлардың қазақ еліне ең алғашқы ауыз салғанынан бір ғасырдан кейінгі оқиғалар көрініс тапқан. Графикалық новелланың басты кейіпкерлері атақты батырлар емес, қарапайым халық арасынан шыққан жауынгерлер.

Суреттер жиынтығындағы сюжет Ерболат есімді бозбала туралы. Ол - бір қартайған батырдың немересі. XVIII ғасырдағы жаугершілік заман жеткіншекті ерте есейтеді. Жоңғарлар Ерболаттың ауылын басып алып, халқының басына әңгіртаяқ ойнатады. Ерболат халқын езгіден құтқаруды ойлайды. Ақыры кескілескен шайқастың нәтижесінде елді жаудан азат етуге мүмкіндік туады.

Комикс авторлары әзірше туындының бірінші шығарылымын ғана жариялап отыр, әлі үшеуі жарық көретін болады. Бірінші шығарылымның тиражы - 2000 дана. Қазақстандық комикс Ресейде саудаға шығып үлгерді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети