11 мамыр 2014 13:43

Қазақстанда ең көп жүктелетін фильмдер мен музыкалық альбомдар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

tumblr.com сайтының иллюстрациясы tumblr.com сайтының иллюстрациясы

Қазақстандаңғы ең көп жүктелетін фильмдер мен әндердің рейтингісі анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл тізімге негіз болған қазақстандық торрент-тректердегі деректер. 


Қазақстандаңғы ең көп жүктелетін фильмдер мен әндердің рейтингісі анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл тізімге негіз болған қазақстандық торрент-тректердегі деректер. 

Фильмдер рейтингісіне 2013-2014 жылы прокатқа шыққан картиналар енген. Бірінші орында Николай Лебедевтің "Аңыз №17" спорттық драмасы. Атақты хоккейші Валерий Харламовтың фильмге негіз болған оқиғасы өз уақытында голливудтық бәсекелестерін де артқа тастап, қазақстандық кинопрокаттың көшбасына шыққан болатын. Рейтингтегі екінші орында ресейлік "Метро" картинасы тұр. Бұл фильм спецэффектілер мен қызықты сюжетінің арқасында көрермен назарын өзіне аударды. Алғашқы үштікке енген тағы бір үздік фильм "Болашақтан келген бойфренд" ("Бойфренд из будущего") атты британдық комедия.  Аталған комедияда басты рөлдерді Донал Глисон мен Рэйчел МакАдамс ойнайды. 

Төртінші орында голливудтық блокбастер "Ақ үйдегі шабуыл" ("Штурм Белого дома"). Мұндағы Ченнинг Татумның кейіпкері АҚШ президентінің өмірін құтқарады. Бесінші орын  "Еркектер не тындырады" ("Что творят мужчины!") атты кезекті ресейлік комедияға бұйырыпты. Бұл фильмді жасаушылар "Дублер" және "Қызметтестер хикаясы" ремейгінің авторлары. Рейтинг бойынша тізімді келесі фильмдер жалғастырады: "Форсаж-6", "Соңғы шеп" ("Последний рубеж"), "Жалғыз рейнджер" ("Одинокий рейнджер"), "Паркер" және "12 жыл құлдық" ("12 лет рабства").

Музыка бойынша қазақстандықтардың таңдауы мен қалауы біртектілеу болып шықты. Рейтингте алғашқы орынға шыққан негізінен, хип-хоп орындаушылардың альбомдары. Бірінші орында "Баста-4" деп аталатын "Бастының" төртінші студиялық альбомы. Мұндағы тректерді жазуға оның рэпер достары Смоки Мо, Рем Дигга, Тати, Нервы, Грин Грей, Адели қатысқан. Екінші орында ST атты музыканттың "Пуленепробиваемый" деген альбомы. Бұл альбомдағы әндердің бірі "Смысловые галлюцинации" атты белгілі рок-топпен бірлесіп жазылған. Үшінші орын орыс шансонына бұйырыпты. Аталған әнжинаққа Михаила Круг және Катя Огонек, сондай-ақ Стас Михайлов пен Григорий Лепстің әндері кірген. 

Төртінші орында рэпер Eminemнің  "The Marshall Mathers LP 2" альбомы. Тізім бойынша келесі сатыда Земфираның "Жить в твоей голове" атты жинағы. Әнші өзінің бұл пластинкасын 2011 жылы шығаруды жоспарлаған болатын, бірақ белгілі себептермен жинақ кейінірек жарық көрді. Одан кейінгі бес орында DA GUDDA JAZZ "HitHop", Рем Дигтің "Корень", Noize MC "Неразбериха", Миша Маваштың "Изнанка" және Daft Punk "Random Access Memories" альбомдары. 

Қазақ музыкасы рейтингісінде көшбасшы Мейрамбек Беспаевтың "Ән термелер" жинағы. Екінші орында Қайрат Нұртастың үздік әндері. Үшінші орында "Музарт" тобының таңдамалы әндерінің жинағы. Төртінші орында Шәмші Қалдаяқов әндерінің албомы. Бұл жинақа Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісованың, "Музарттың" орындауындағы әндер енген. Бесінші орында "Ұлытау" тобының "Жұмыр қылыш" альбомы. Осы жинаққа классикалық компазициялар топтастырылған. 

Алтыншы орында Құрманғазының 74 күйі топтастырылған альбом. Жетінші орында рэпер Ерболаттың орындауындағы әндер. Сегізінші орында Құрманғазы атындағы оркестрдің шығармалар жинағы. Тоғызыншы орында Заттыбек Көпбосыновтың "Нартәуекел" альбомы болса, оныншы орында Нұрлан Өнербаевтың үздік әндерінің жинағы орналасқан. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети