07 сәуір 2015 11:20

Қазақстандық балет әртістері өздерінің зейнетке шығу жасының ұзақтығына наразы

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Tengrinews.kz @Tengrinews.kz

Қазақстандық балет әртістері Үкіметтен өздерінің зейнетке шығу жасын қайта қарауды сұрады, - деп хабарлайды "31 арна".


Қазақстандық балет әртістері Үкіметтен өздерінің зейнетке шығу жасын қайта қарауды сұрады, - деп хабарлайды "31 арна".

Бұрын балет әртістері ауыр дене қозғалыстарына байланысты 38-40 жасында зейнетке шығатын. 1997 жылдың 20 маусымында қабылданған "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңына сәйкес олардың зейнетке шығу жасын қайта өзгертті. Қазір олар еліміздің басқа азаматтарымен бірдей: әйелдер - 58 жаста, ер адамдар - 63 жаста зейнетке шығады.

Қазақстандық балеттің аңызына айналған Болат Аюханов зейнеткерлік жасты өзгерту үшін әлі күнге дейін күресіп келеді. "Біздің зейнеткерлікке шығу жасымызды әлі өзгертпеді. Бұл бізге деген құрметтің жоқтығы. Себебі, 35 жыл бойы саусақ ұшымен билеу мүмкін емес нәрсе. Басшылар мәдениет пен әдебиетімізді дамыту туралы көп айтады. Әдебиетіміз де, классикалық балет те біртіндеп өшіп келе жатыр. Бұған себеп - қолдаушылардың жоқтығы", - деп қосты Аюханов.

Телеарнаның хабарлауынша, қазақстандық балет әртістерінің жалақылары да мардымсыз. "Орташа жалақы 100 мың теңге болса, жастар одан да аз алады. Ақша табуымыз үшін ойын-сауық кештерде өнер көрсетуімізге тура келеді. Сондықтан, мықты әртістер көбіне шетел асып кетіп жатады", -  деді  "Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің" директоры Гүлмира Базарбаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети