"Қазақтың қара домбырасы Hollywood саxнасына шықты!" Домбырашыларымыз жеңіске жетті

14 Шілде, 15:46
2
© instagram.com/asharimov/
© instagram.com/asharimov/

 Қазақстандық домбырашылар әлем біріншілгінде алтын медальға ие болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі продюсер Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап. Ол Қазақстан халқынан сүйінші сұрап, қолдау білдірген адамдарға алғыс білдірді. Сондай-ақ осы жеңістерін кімге арнайтындарын да айтты. 

"Бұл жолды жүріп өту қаншалықты қиын екенін білсеңіздер ғой!!!!! Сүйінші!!!!!! Қазақтың қара домбырасы Hollywood саxнасына шықты, "Бастау" домбырашылар тобы өз номинацияларында алтын медальге ие болды! Жеңісімізді биылғы "Ұлттық домбыра күніне" арнаймыз! Бізді қолдаған Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, өнер жанашыры Айман Қожабекқызы Мұсаxоджаева xанымға мың алғыс! Еуууу жандарым @olzhabaev_temirlan @n.yernat құтты болсын! #Бастауфандар Сіздерді де құттықтаймын!!!!", - деп жазды Шаримов. 

Шаримовтың айтуынша, әлемнің 72 елінен қатысқан додада Кайман аралдарынан келген өнерпаздар "актерлік шеберлік" номинациясы бойынша гранд жүлдені ұтып алған. Ал қазақстандық өнерпаздар екі турды артқа тастап, финалда өнер көрсетіп, өз номинациясында алтын медальге ие болған. 

"Әлемдік байқауда Hollywood төріне қазақтың қара домбырасын алып шығып, 72 ел қатысқан додада екі турды артқа тастап, финалда өнер көрсетіп өз номинациямызда алтын медальге ие болдық! Құтты болсын, Қазақстан! Гранд жүлдені Кайман аралы "актерлік шеберлік" номинациясынан алды! Біз үшін осы жетістіктің өзі үлкен бір бақыт! Бар жеңісімізді Сіздерге арнаймыз, Қазақстан!!!", - деп жазды продюсер. 

Получить короткую ссылку


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай