11 наурыз 2014 18:52

КСРО халық әртісі Рамазан Бапов өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рамазан Бапов. ©Нұрғиса Елеубеков Рамазан Бапов. ©Нұрғиса Елеубеков

11 наурызда КСРО халық әртісі, балетмейстер, хореограф Рамазан Бапов 66 жасқа қараған шағында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл хабарды оның шәкірті, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әртісі Орынгүл Нұржанқызы айтты. Орынгүл Нұржанқызының айтуына қарағанда, Рамазан Бапов бір аптаға жуық ауруханада жатып, 11 наурыз күні таңертең өмірден өткен. "Ол кісі адал, мейрімді, рақымды, бауырмал және өзінің артынан ерген жас ізбасарларына үнемі үйретуден шаршамайтын жан еді" - деп есіне алды шәкірті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та даңқты балет бишісі, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі Рамазан Баповтың өмірден озуына байланысты оның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы жеделхатта Рамазан Баповтың өз өмірін өнерге арнап, зор табыстарға қол жеткізгеніне тоқталды. "Ол ұзақ жыл Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жемісті еңбек етіп, айтулы спектакльдердегі басты партияларды үлкен шеберлікпен орындап, өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Өз өнерін әлемнің көптеген елінің сахналарында да паш етті. Ұстаздық қызметпен айналысып, шәкірттер тәрбиеледі. 2008 жылы менің шақыруыммен елге оралып, туған театрының шығармашылық тұрғыдан одан әрі кемелдене түсуіне лайықты үлесін қосты», – делінген жеделхатта. Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы оның есімі мен еңбегін әрдайым есте сақтайтынын атап өткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети