16 шілде 2019 09:44

Құрманғазы оркестрінің жаңа басшысы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық xалық аспаптар оркестрінің жаңа директоры болып Қуанышбек Мұхангалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық xалық аспаптар оркестрінің жаңа директоры болып Қуанышбек Мұхангалиев тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оны ұжымға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов таныстырды.

Қуанышбек Мұхангалиев - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің түлегі.

Әр жылдары Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің артисі, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің жетекші артисі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің инспекторы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері комитеті Театр өнері және кинематография басқармасының бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті Музыкалық өнері басқармасының бас сарапшысы мен басқарма басшысының міндетін атқарған.

2017 жылғы шілдеден осы уақытқа дейін Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Ол республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, Қазақстан Республикасы "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегері.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети