21 мамыр 2014 19:52

Мәдениет саясатының тұжырымдамасы Алматыда талқыланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші алматылық халықаралық мәдениет форумы Бірінші алматылық халықаралық мәдениет форумы

2014-2050 жылдарға белгіленген Қазақстанның мәдениет саясаты тұжырымдамасы таяу айларда дайын болуы тиіс. Осыған байланысты бүгінгі Бірінші алматылық халықаралық мәдениет форумына қоғамның көрнекті қайраткерлері, ғалымдар, өнертанушылар, дизайнерлер одағының өкілдері, суретшілер, жазушылар, архитекторлар тайлы таяғы қалмай жетті. Олар ағымдағы мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен де бөлісті. Форумға  Tengrinews.kz  тілшісі де қатысып қайтты.

Форум қортындысына қарай оны ұйымдастырушылар мәдениет саясаты бойынша ортақ тұжырымға келіп, оны жүзеге асырудың жоспарын және негізгі ережелерін даярлауды нобайлайды. Форумда сөз алғандар кадр, менеджерлердің жетіспеушілігі, арнайы әдістеменің, ғылыми зерттеулердің жоқтығы, мемлекеттік органдармен тиімді байланыстың орнатылмауы сынды мәселелерді көтерді.

"Посткеңестік елдерде тағы мынандай бір мәселе бар. Біз мәдениет саясатын ведомствалық саясат деп қате ұғынамыз. Мәдениет министрлігіне бағынатындардың барлығы - мәдениет, ал министрлікке қарасты еместер - мәдениет емес" деп атап өтті Мәдениет саясаты институтының директоры Михаил Гнедовский.

Сарапшы мемлекет бұрын фабрикаларды, зауыттарды, колхоздарды басқарған секілді мұражайларды, театрларды және кітапханаларды басқаруды әлі де жалғастырып келеді дейді. Оның пікірінше, мемлекет бұл реттегі көзқарасын өзгертуі тиіс.

Мәдениет қызметкерлерінің барлық пікірлері, ұсыныс пен шағымдары тыңдалып болған соң, оны Алматының мәдениет басқармасы әбден тезден өткізеді, сөйтіп баршаға жалпы мәдени тұжырымданы қарастыруға ұсынатын болады. "Мәдениет саясаты тұжырымдамасын даярлауға қатысты қамтылған барлық мәселені оны даярлаумен айналысатын органға жөнелтетін боламыз. Біз барлық мәселені сараптаймыз, мұнда айтылғандардың түгелін қамтуға барынша тырысамыз. Оған біршама уақыт керек деп ойлаймын, шамамен екі-үш апта" - деді Алматының мәдениет басқармасының бастығы Қайрат Күлбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети