03 ақпан 2014 10:24

Мәдина мен Олжас ресми түрде некелесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәдина Сәдуақасова және жары Олжас Смағұлов. Айжан Түгелбаеваның фотосы Мәдина Сәдуақасова және жары Олжас Смағұлов. Айжан Түгелбаеваның фотосы

Әнші Мәдина Сәдуақасованың ресми неке қию рәсімі 2 ақпан күні Алматыдағы орталық АХАЖ бөлімінде болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 2014 жылдың 8 қаңтарында Мәдина Сәдуақасова мен "Хабар" телеарнасының режиссері Олжас Смағұлов құпия түрде некелерін заңдастырды деген ақпараттар тараған болатын. Екі жастың тойы Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтті. Қазақ эстрадасындағы сұлу да сымбатты әнші Мәдина Сәдуақасова үйлену тойында екі көйлек киді. Оның бірін өзінің жақын досы, жеке дизайнері тіккен екен. Тойға жас жұбайлардың достары, туыстары, әріптестері, барлығы 300-дей адам жиналды. "Олжас тұрмысқа шығу туралы ұсынысты маған қыркүйек айында менің туған күнімде жасаған болатын. Ол мені мейрамханаға апарып, гүл, iPhone және үстінде неке сақинасы бар торт сыйлады. Мен, әрине, келісімімді бердім. Үйлену тойымызды 2 ақпан күні Олжастың туған күнінде өткіземіз деп шешкен едік",– деді Мәдина Сәдуақасова. Мәдина өзінің болашақ күйеуімен осыдан төрт жыл бұрын "Таң қалмаңыз" бағдарламасының түсірілімі кезінде танысқан. Ол кезде Олжас Смағұлов режиссердің көмекшісі болып қызмет атқарған. Олжас белгілі жазушы Қабдеш Жұмаділовтың немересі. Күйеу жігіт Мәдинадан 6 жас кіші. Мәдина тұрмысқа шыққан соң тегін ауыстырмауға шешім қабылдапты. Эстрада жұлдызының бұл екінші рет тұрмысқа шығуы. Бірінші күйеуімен ол бір жарым жылдай отасып, 2008 жылы ресми түрде ажырасқан болатын. Мәдина Сәдуақасова 1999 жылғы "Жас қанат" жастар байқауының жеңімпазы, ол президент оркестрінің және "Гүлдер" ансамбілінің әншісі болып жұмыс істеді. Таяуда өткен "Қазақстан дауысы" байқауында тәлімгер болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети