21 наурыз 2018 16:47

Максим Галкин төрт жасар қызының қалыңдық кейпіндегі суретін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© @elizaveta_galkinaa / Instagram © @elizaveta_galkinaa / Instagram

Максим Галкиннің төрт жасар қызы қалыңдық болды, деп жазды Lenta.ru.


Максим Галкиннің төрт жасар қызы қалыңдық болды, деп жазды Lenta.ru.

Порталдың хабарлауынша, Лиза Галкина Moscow Fashion Week шеңберінде өткен Валентин Юдашкиннің балаларға арналған коллекциясының көрсетіліміне модель ретінде қатысқан. Ол қалыңдық бейнесінде шығып, көрсетілімді аяқтады. Модельер балаларға арналған өзінің тұңғыш Yudashkin Kids коллекциясының көрсетіліміне танымал достарының балаларын шақырыпты.

"Лизамен бірге подиумға оның ағасы Гарри, Филипп Киркоровтың балалары, 6 жастағы Алла-Виктория мен 5 жастағы Мартин, сонымен қатар, Дмитрий Песков пен Татьяна Навканың 4 жастағы қызы Надя шықты", - делінген жарияланымда.

Суреттер қыздың ата-анасы Максим Галкин мен Алла Пугачеваның Instagram парақшасында жарияланды.

Айта кетейік, примадоннаның өзі бұл шараға қатыса алмаған, ол сол кезде Резниктің мерейтойлық концертінде болыпты. Бұған дейін Пугачева денсаулығының сыр бергенін жазған, "Ағзам сыр берді. Демалу қиын, жүру қиын, бірақ мен әлі тірімін және кішкентай балаларым үшін өмір сүру керекпін", - делінген Instagram парақшасындағы жазбада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети