Маңғыстау облысында "Жас тұлпар-2019" жастар сыйлығы табысталды

20 Желтоқсан 2019, 11:22
0
Маңғыстау облысында "Жас тұлпар-2019" жастар сыйлығы табысталды -

Ақтауда Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі "Жас тұлпар-2019" облыстық жастар премиясын табыстау шарасы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық өңірлік коммуникациялар кызметіне сілтеме жасап.

Өңірдегі мемлекеттік жастар саясаты саласының дамуына үлес қосып, сантүрлі саланың тізгінін ұстаған жастарды ынталандыру мақсатында өткен салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев қатысты.

Салтанатты шара барысында премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін сөз ете отырып, Маңғыстаулық жастарға ыстық ықыласын жеткізді. Үздік жастарға дәстүрлі "Жас тұлпар-2019" Маңғыстау облыстық жастар премиясын табыс етті.

"Маңғыстау мақтанышы" арнайы номинациясымен қазақ эстрадасының жас әншісі, "Қазақстан дауысы" жобасының жеңімпазы Б.Ретбаев, композитор А.Құрманов, дәстүрлі әнші Н.Асқанов, ақын Т.Әли сонымен қатар "Боранқұл" жайдарман тобы және "Өзенмұнайгаз" құрамасы марапатталды.

"Жомарт жүрек" номинациясына қатерлі ісік ауруына шалдыққан балаларға арналған қайырымдылық шараларын ұйымдастырушы Ерлан Ерубаев, "Бейбіт кезең батыры" номинациясына Ақтау қаласында 10 қабаттан секірмекші болған әйел адамды, сонымен қоса Каспий теңізіне батып бара жатқан жасқызды құтқарып, жақындарымен қайта қауышуына үлес қосқан Тимур Жұмалиев лайық деп танылды.

"Жас тұлпар-2019" Маңғыстау облыстық жастар премиясының конкурстық комиссиясының шешімімен:

"Үздік жас спортшы" номинациясы - Жұбатқан Нұрсұлтан Манарбекұлы;

"Мұнай саласының үздік жас маманы" номинациясы- Ещанов Ерболат Мырзагелдіұлы;

"Үздік жас журналист" номинациясы - МерекеҮсембайұлы Мусаев;

"Үздік волонтер" номинациясы-Тайжанов Нұрлығасыр Жанабайұлы;

"Жас ақын" номинациясы - Дүйсенов Еділбек Медетұлы;

"Жас дарын" номинациясы - Масжанов Серіжан Серікұлы;

"Жас өнертапқыш" номинациясы - Қуанова Айнұр Айсақызы;

"Жаскөшбасшы" номинациясы - Құрманғалиев Ғани Дәулеткерейұлы.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде "Жас тұлпар" Маңғыстау облыстық жастар премиясын табыстау шарасы 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай