03 маусым 2014 10:32

Реалити-шоу шошытып жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

sott.net фото sott.net фото

Бүгінде еліміздегі дүкен сөрелерінде сүттің, айранның, ірімшік пен тәттінің түр-түрі самсып тұр, Мәселен,бір ғана сүттің қоюы керек пе, әлде сұйығы ма, қалбырдағысы ма, қораптағысы ма, не керек әйтеуір түр-түрі бар. Деректерге жүгінсек, біздің нарықтағы сүт және сүт өнімдерінің 73,3 пайызы шетелден оның ішінде Ресейден әкелінеді екен. Қалалық тұрғындардың көбі табиғи сүттің дәмін әлдеқашан ұмытқан. Дәл осы сүт өнімдерін елге шеттен таситындығымыз секілді отандық телевизиядағы бағдарламар мен телесериалдарды, фильмдерді де шетелден аламыз. Яғни, ішкен-жегеніміз де, көргеніміз де өзге елдің өнімі. Кейінгі жылдары қазақ телевизиясында реалити-шоу, ток-шоу деген «шоулар дерті» пайда болды. Батыстан бастау алған реалити-шоуларды таңдап, талғап жатпай-ақ эфирден көрсетіп жүрміз. Ал осы «реалити-шоу көрерменге қалай әсер етеді» деген сұрақты ойланып көрдік пе?

Әлемдік психологтардың зерттеуінше реалити-шоулар телесериалдар секілді көрермендерде тәуелділік туғызады. Әсіресе, үйде отырған әйелдер, жасөспірімдердер, тіпті егде тартқан адамдардың арасында да реалити-шоуға деген қызығушылық басым болады екен. Өйткені күйбең тірліктен шаршаған, істерге ісі жоқ адамдар немесе әлі ақыл тоқтата қоймаған жастар өз өмірін былай қойып, біреудің өміріне араласқысы келіп тұрады. Ал көптеген реалити-шоулар осындай адамдар үшін таптырмайтын ермек.

Ақтоты СЫДЫҚБЕКОВА, көрермен:

– Осыдан біраз уақыт бұрын "Ел арнадан" "Шіркін life" атты реалити-шоу жүріп жатқан кезде 15 жастағы қызым Жансая осы бағдарламаны жібермей көретін. Бір күні қызыммен бірге өзім де қарап көрейінші деп экран алдына отырған болатынмын. Сондағы байқағаным, реалити-шоудың көрерменге берер ешқандай мән-мағынасы жоқ, тек қатысушылар арасындағы айтыс-тартыс қана екен. Әрине, көрерменді қашанда жұлдыздардың өнерінен бөлек жеке өмірі, мінез-құлқы қызықтырады ғой. Дегенмен елдің алдында жүрген адамдардың экраннан қалай болса, солай сөйлеуі, кейбір әрекеттері ерсі көрінеді екен. "Шіркін life" бағдарламасын жүргізген Маржан Сұлтанбай сол шоуға қатысқан еркек біткеннің бәрімен қызылкеңірдек болып айтысып, соңында шашын тақырлап алғысып тастауы жасөспірім қыздарға қандай тәрбие. Кейіннен қарасам, сол Маржан қыз "Хабар" арнасында "Білгенге маржан..." атты бағдарламаны жүргізді. Осы бағдарламада ұзын етек көйлек киіп, басына орамал тағып, көрерменге қол өнерін үйретіп отыр. Мұнысы, әрине дұрыс, дегенмен, Маржан көпшіліктің есінде тақырбас, тықылдақ қыз болып қалды. Бірін айтып біріне кетіп жатамыз ғой, жалпы менің айтайын дегенім, әсіресе жасөспірім балаларға реалити-шоуларды көрсетудің қажеті жоқ. Себебі реалити-шоулар ақыл-ойы енді жетіліп келе жатқан жас ұрпақтың психикасына кері әсер етеді. Егер телеарналар ұрпақ қамын ескермей не болса соны көрсете беретін болса, ең болмаса ата-аналар балаларымыздың экраннан не тамашалайтындарын қадағалайық дегім келеді.

Мақаланың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети