17 сәуір 2014 11:55

Театр ұжымы Жетісу өңірінде өнер көрсетпек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ©Нұрғиса Елеубеков Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ©Нұрғиса Елеубеков

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы 2014 жылдың 21-24 сәуір аралығында гастрольдік сапармен Талдықорған қаласына баруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы 2014 жылдың 21-24 сәуір аралығында гастрольдік сапармен Талдықорған қаласына баруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Гастроль барысында өнер ұжымы 5 бірдей қойылымды қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етпек. Қойылымдар І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтеді.

Талдықорғандықтар 21 сәуір күні М.Әуезовтың "Ай-Қаракөз" (реж.Т.Теменов) трагедиясын, 22 сәуір күні Иран-Ғайыптың "Фатима" (М.Ахманов) қасірет-намасын, 23 наурыз күні Әкім Таразидың "Жақсы кісі"(реж. Ж.Хаджиев) драмасын, 24 сәуір күні М.Мақатаевтың "Мен ұмытылмаймын..." (реж. Б.Сейітмамытұлы) лирикалық драмасын тамашалай алады. Театр ұжымы кішкентай көрермендерді де жақсы қойылыммен қуантпақ. Балалар үшін театр сахнасында 22-24 сәуір аралығында Ө.Боранбаевтың "Ер көжек" (И.Әбілмәжінов) музыкалық ертегісі қойылады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети