Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Эх, доллар, доллар...

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Эх, доллар, доллар... ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

 1994 жыл. Пәтерден пәтерге қаңғып жүрген кез. Теңгенің шыққанына көп бола қоймаған. Доллардың курсы 10 теңгеге де жетпейтін. Ағайын-туған көмектесіп, өзіміз сауда жасап үш жарым мың долларға жететін қазақтың теңгесін жинадық. Айнабұлақтан екі бөлмелі пәтер тауып, иесіне елу доллар кепілін қалдырып, айырбастау пунктіне аттандық емес пе... Алматыда бір ғана жерде доллар сатылады. Карл Маркс пен Гогольдің қиылысы болу керек. Автобуспен өтіп бара жатып байқадым, жаңағы жерде қарақұрым халық. Шұбатылған кезек. Шынымды айтсам барып кезекке тұруға еріндім. Сәл арыда әйелімнің әкесінің бауыры тұратын еді, сол үйге барып шай ішіп алып, асықпай ақша ауыстырғым келді. Қанат ағамыз – бизнеспен айналысып жүрген кісі. Анда-санда бізге де көмектесіп тұратын. Келген шаруамызды айттық. Шай ішіп болып, әлгі жаққа жинала бастадық. 

– Әй, мына екі баламен енді кезекке тұрып жүресіңдер ме? Мен-ақ теңгелеріңді сатып ала салайын. Одан да тамақ ішіп, асықпай кетіңдер, – деді ақкөңіл ағамыз.
 ...Қуана-қуана келістік. Жайланып отырып, тамаққа тыңқиып тойып алған соң үйге жиналдық. Доллар қалтада. Үйге кіргеніміз сол еді қалалық телефон үздіксіз шырылдап жатыр екен. Көтердім.
– Әй, Арман, сендер мені алдап кеткен жоқсыңдар ма? – Ағамыз кеңк-кеңк күледі. Даусында зіл жоқ.
– Аға, не болып қалды деймін, – шынымен де түсінбей.
– Теледидардан айтып жатыр. Доллардың курсы 35 теңге болыпты...
...Маңдайымнан тер бұрқ ете түсті. "Қош бол пәтер!" деймін бе...
– Жарайды ана екі немерем үшін "кешірдім" сені. "Уговор есть, уговор!", –деді қайран ағамыз...
 ...Эх, доллар, доллар! Есті шығарып едің ғой сол кезде!
***
 2014 жыл. Бүгін. Таңертең тыныш сияқты еді. Жұмысымды істеп отырғанмын. Есіктен әріптесім қылтитып басын сұқты. Өңі өрт сөндіргендей. 
– Естідіңбе?
– Нені?
– Доллар көтеріліпті.
– Е, көтеріле берсін. Қалтаға симай жатқан ақша жоқ...
– Құрыдым ғой деймін. Өзің білесің мен пәтерде тұрамын. Ақшасын алты айға бір-ақ төлеймін. Кеше барып доллар ала қояйын деп едім... "Технический перерыв" деп... Күтуге ерініп... Енді бүгін... Қожайын тек доллармен алады...
...Түсінікті болды. Қайран Қанат ағам-ай. Жатқан жерің жайлы болсын. Сенің арқаңда үйге ие болып едім. Мына әріптесімнің сен секілді ағасы да жоқ-ау... Обал-ай!.. Эх, доллар, доллар...



Join Telegram