Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Оқы

Ақшаң болса ауқат ал...

Тақырыбындағы жарияланымда онлайн оқу ✅ Ақшаң болса ауқат ал... ⚡ Tengrinews.kz жаңалық порталынан өзекті тақырыптағы қызық әрі маңызды ақпараттарды оқыңыз.
  • АВТОР
  • Дәурен Бабамұрат Республикалық "Болашақ" жастар қозғалысының лидері, саясаттанушы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Біздің жақта тамақты ауқат (немесе "аухат") дейді. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының орта тұсына жете бергенде сол жақта қалың жұрттың ауқат іздеп тентіреп кеткені әлі есімде. Жағдай шынында да қиын болды, қолда ақша бар бірақ алатын тамақ жоқ, ақыл да, біліктілікте, орасан күш те, қайрат та бәрі бар. Бірақ соны іске асыратын мүмкіншілік болмады. 
 
Ақыры біздің жақтың біраз шахтерлері ел кезіп, жұмыс іздеп сонау Солтүстік Мұзды Мұхитының жағасындағы Норильск, Талнах деген қалалардан бірақ шыққан. Естуімше сол қалаларда әліге дейін "Кентау" деген ықшам аудандар бар екен (суыққа "төзімді" орыстар Обтың теңізге құяр табанын қазір біздің жақтың жігіттеріне тастап кеткен). Сол кездері болған оқиғалар Алматыға көшкеннен кейін де "дежа-вю" секілді дәл маған қайтадан қайталанатындай болатын да тұратын, не болмаса қайталануы мүмкін-ау деген іштей күдік бартын. Мектепте оқып жүргенде үйде жарық сөнсе, уақытша газ не жылу өшсе, іштей "Кентау қайталанайын деп тұр ма?" деп шошитынмын. 
 
Өкінішке қарай маған дәл кеше, отызды алқымдап, оңды-солымды танып қалған отағасына сол сезім қайта келді. Жаман ойды және бала күнгі күдікті сейілту үшін өзімше елдің экономикалық жағдайын, Қашаған бабамыздың атымен аталған ғаламат кен орнынан бүгін-ертең мұнайдың атқылайын деп тұрғанын, әртүрлі ФИИР-лар керемет жұмыс істеп тұрғанын еске аламын. Бірақ, бірақ бәрібір іштей бір күдік бар. Уақыт өте келе пессимист болуға адамды өмірдің ащы шындығы итермелейді екен. Қазір мендегі дәл сол жағдай. 
 
Күрт құлдыраған теңгеміздің зардабын өкінішке қарай қала емес, дала көрейін деп тұр. Кеше-бүгін ауылдардағы ағайынға хабарласып, "доллар қымбаттапты" дегенге аңқау ел бір есінеді де қойды. Яғни, жақын арада тамақтың (ауқаттың) және жанармайдың кемі 30%-ға қымбаттайтынынан ауылдағы біздің жұрт бейхабар. Ротшильд па, Котшильд па әйтеуір бір еврей ғұлама айтқан көрінеді ХІХ ғасыр басында (Наполеонның кезі) "Кто владеет информацией тот владеет ситуацией и миром" деп. Өкініштісі сол, информация біздің қазаққа керек болып тұрған жоқ.
 
Доллардың қымбаттауынан (жағдайдың қиындауынан) ең бірінші ауыл зардап шегеді, тау-тас пен құмда қалып қойған жүздеген қазақ ауылдарына тамақ жеткізу айталық бір айға тоқтаса, олар үшін бұл катастрофамен тең болмақ. Зейнетақы һәм жәрдемақы күтіп отырған дала тұрғындары өзара тамаққа таласып талай жерге барып қалуы ықтимал. Бірінші қала жағдайын ойлайтын билік, ауылға қол созам дегенше "кеш" болып қалуы да ғажап емес. 
 
Мұнайдың үстінде отырып жанармайды қымбаттауға берген экономика, неге бидайды (яғни нанды) қазаққа сақтап қалу керек?! Ірі-ірі жер иеленуші латифундистер бидайды "саттым" деген бір жапырақ қағазға қол қойса болғаны, ертең-ақ оны шет ел компаниялары автоматтармен қорғап өздеріне алып кетеді. Ештеңе де істей алмаймыз!
 
Сол себепті елге айтарым: Құрт қайнатыңдар, май жинаңдар, мал бағыңдар, бидай егіңдер, азын аулақ запаста қалған ақша болса АУҚАТ алыңдар! Қораз-тауық, қоян көжек, қаз-үйрек, судағы балықты барынша сақтап, жағдай қиындаса бірнеше жылға дейін жететіндей етіп бақылауға қойыңыздар. Бос жерге картоп егіңіз. Іргелі жұрт солай жасайды, жасаған, содан аман қалған.  Осы ойды ауылға айта барыңыз, ағайын!



Join Telegram